- Негізгі бет
- Денсаулық
- Жүзім мен апельсин...
Жүзім мен апельсин семіздіктен қорғайды
Фото:
nordportal.ru
Асқа жүзім мен апельсинді жеу семіздіктен, диабет пен жүрек-қан тамыр ауруларынан қорғайды, − деп мәлімдеді британиялық ғалымдар.
Жүзімде транс-ресвератрол (Tres), ал апельсиннің құрамында гесперетин (HESP) бар. Бұл қосындылар қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуіне ықпал жасап, инсулинге деген сезімталдылықты арттыруға және артерия жағдайын жақсартуға көмектеседі.
Аталған қосындылардың әсері 18 бен 80 жас аралығындағы артық салмақтан зардап шегетін 32 ерікті қатысқан тәжірибе кезінде анықталды. Транс-ресвератрол мен гесперин ағзада қанттың зиянын жоятын Glo1 деп аталатын ақуыздың көбеюіне ықпалдасады, − деп жазады шетелдік БАҚ.
Дереккөз: inform.kz
С. Ерсін