- Негізгі бет
- Денсаулық
- Жүзе алатын адамдар...
Жүзе алатын адамдар ақылдырақ болады
Дүниеге келген бала жүзуді неғұрлым тез үйренсе, соғұрлым ақылдырақ болатын болып шықты.
Бұндай шешімге зерттеу жұмысына 3 жыл уақытын арнаған аустралиялық ғалымдар келіп отыр. Ғылыми жұмыс жүзудің сәби бойындағы шығармашылық қасиеттерін оятуға әсерін анықтауға бағытталған. Осы мақсатпен зерттеушілер алдымен 3-5 жастағы бала тәрбиелеп отырған 7 мыңға жуық ата-анадан сұхбат алған. Содан соң 180 баланы арнайы тесттен өткізген.
"Зерттеуден соң, жүзуді ерте үйренген балалардың тез ойлайтындығы анықталды. Бұлар судан қорқатын құрдастарына қарағанда, алғыр әрі зерек болып келеді. Сондықтан балаларға ертерек жүзуді үйрету керек деп ойлаймыз. Сәбилеріңіз суда өзін-өзі ұстауды неғұрлым тез үйренсе, үлкен өмірге соғұрлым тез бейімделіп кететін болады. 180 баланы зерттеу астына ала отырып, олардың миының өте қатты дамығандығын анықтадық", - деді жоба жетекшісі Робин Йоргенсен.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: prikols.in.ua