Жүйке жүйесінің шаршауы бүкіл ағзаға зиянын тигізеді. Осының салдарынан болатын күйзеліс, невроз сындылар адамды жазылмайтын ауруға шалдықтыруы мүмкін. Сондықтан да дер кезінде шара қолдануымыз қажет. Ол үшін жүйкені тыныштандыратын төменде көрсетілген тағамдарды көбірек пайдаланғанымыз абзал.
Құрамында В1 дәрумені бар азық-түліктер: қарақұмық немесе сұлы ботқасы, қара нан. Шамадан тыс көп кітап оқығанда миымыз шаршайтындықтан В2 дәрумені қажет: сарыөрік, жұмыртқа, сыра ашытқысы, саумалдық. Ағзаға бұл тағамдар жетіспесе, көңіл күй түсіп, бас ауырады. Бір ғана күннің ішінде түрлі оқиғаға тап боламыз. Ол оқиғалар бізді бірде мұңайтса, бірде шаттық сыйлайды. Ал ағзамыз өз кезегінде жылдам өзгеріске бейімделе алмайды. Осындайда жағымсыз жағдайлардың алдын алу үшін В12 дәруменінің ағзада көп болуын қамтамасыз еткен жөн. Олар теңіз тағамдары, жүрек, бүйрек, бауыр еті, жұмыртқаның ақуызында болады. Осы тағамдарды жеу арқылы өзіңізді алцгеймер ауруынан сақтандыра аласыз. Барлық сүтті тағам. Жүйкеңізге де кальций қажет. Кальций жетіспеген жағдайда адам ашуланып, қолбалжи береді. Мидың дұрыс жұмыс істеуі үшін йод керек. Ал йодты кез-келген теңіз тағамынан, құрмадан, орамжапырақтан табуға болады. Банан мен қызанақ күйзелістің алдын алады. Арқан балығының құрамында пайдалы майлар көп. Күйзелістің пайда болуын 60 есе төмендетеді. Сәбіз бен алманың құрамында адам ағзасына қажет кальций мен фосфор көп. Құлпынайдың антидепрессант болу қасиеті бар. Ірімшік, картоп, күріш, арахистің құрамында тирозин, триптофан, глютамин қышқылы секілді аминқышқылдары кездеседі.Әдетте, барлық ауру жүйке жүйесі жұмысының бұзылуынан басталады. Расымен де, жүйке нашарлаған кезде жүрек қан тамырлары әлсіреп, ас қорыту, зәр шығару органдары бұзылады. Сондықтан жоғарыдағы тағамдарды көбірек тұтынуға тырысыңыз.