Америкалық ғалымдар әйел және ер адамдардың әр түрлі көлік апатына түсетінін анықтады. Мұны дәлелдеу үшін мамандар 2005-2011 жылдар аралығында Канзас штатында болған 150 жол көлік оқиғасын бақылаған. Барлық жүргізушілер 16-24 жас аралығында болған.
Нәтижесінде әйел адамдар жол қиылысында және жаяу жүргіншілер жолының маңында апатқа ұшырайтыны және ол оқыс оқиғалардың тек күндізгі уақытта болатыны анықталған.
Ал ер адамдар керісінше демалыс күндері кешкі уақытта көлік апатына ұшырайды екен. Мұнымен қатар, әйел адамдар ерлерге қарағанда қауіпсіздік белдігіне 68% жақсырақ мән береді екен.
Аталған зерттеудің авторлары еңбектерінің болашақта жол көлік апаттарын қысқартуға септігі тиеді деген үмітте.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rudaki.ru