Соңғы жылдары жүрек талмасынан зардап шеккен жандар саны күрт көбейіп кетті. Күннің ыстығы, ағзаның дұрыс жұмыс істемейтіні және де дұрыс тамақтану тәртібін сақтамағандықтан, адамның иммунитеті төмендеп, науқасқа айнала бастайды. Жүрек адамның өмір сүруіне керек ең негізгі ағза болғандықтан, оның дұрыс жұмыс жасамауы алдын ала сезіледі.
Егер тыныс алу мүшесіндегі жеңіл ағзалар дұрыс ауа қабылдай алмаса онда жүрекке жеткілікті түрде қан болмайды. Бұл дегеніміз, қан айналым жүйесі дұрыс жұмыс жасамағандықтан жүрек талмасы ұстау қауіпі бар деген сөз. Сондықтан мұндай кезде дәрігерге қаралғаныңыз абзал.
Тұмау мен суық тию белгілері байқалса...
Көптеген адам жөтелген уақытта тұмауға жеңіл қарайтыны белгілі. Алайда, бұл дұрыс емес. Өйткені сіздің жүрегіңіз қалыпты жағдайда жұмыс жасамаса, ауруыңыз асқынып жүрек талмасына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан қандай аурумен ауырсаңыз да дәрігерге қаралып немесе дәріханалардан керек дәрілерді алғаныңыз дұрыс.
Басыңыз айналып, салқын тері маңдайыңыздан шыққан кезде өзіңізше топшыламай бірден дәрігендің көмегіне жүнгінгеніңіз жөн. Себебі адамның иммунитеті әлсіреп денедегі қан баяу айналса жүректің жұмысы қалыпты деңгейден төмендеп кетеді.
Әрине, "ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген" абзал. Сондықтан қаржыны дәріге жұмсамас бұрын сау денсаулығыңызды ары қарай жақсартуға жұмсағаныңыз дұрыс.