- Негізгі бет
- Денсаулық
- Жүрек айныса не...
Жүрек айныса не істеу керек?
Жүрек айну ағзадағы кез келген аурудың алғашқы белгісі болуы мүмкін. Ас-ішек жолдарының бұзылуы, қан қысымның төмендеуі, күйзеліс, жүктілік пен кей дәрілерге әсерінен де жүрек айниды. Кейде тіпті жедел жәрдем керек қауіпті жағдайдан хабар береді.
Қай уақытта жедел жәрдем шақыру керек?
Тек жүрек айныса бұл айтарлықтай қауіпті емес. Бірақ төмендегі белгілердің бірімен қатар жүрсе, бірден жедел жәрдем шақыру керек:
- кеуде тұсы қатты ауырса
- ауру қолға, арқаға, мойын мен басқа қарай өткен жағдайда
- демалу қиындағанда
- қан құсқанда
- бас қатты ауырып, мойын бұлшық еттерді қатайып қалса
- бет іскен жағдайда
- көздің бұлдырауы
- ойдың шашыраңқы болуы, ұйқы келу
- естен тану
- іштің ауруы
- дене температурасы 39 градустан жоғары болса
- жиі тыныс алу
- тоқтаусыз құсу
- ауыз қуысының құрғауы, әлсіздік, тұрған кезде көздің қарауытуы
Бұл белгілер инфаркт, ми қан айналымының бұзылуы, ауыр инфекциялар, соның ішінде ми қабықтары, ішкі қан кету және басқа жағдайлардан хабар береді.
Қай уақытта дәрігерге жазылу керек?
Өмірге қауіп төнбесе де, кейде жүрек айну күнделікті тұрмысқа әсер етеді. Әсіресе, жиі лоқсып, жүрек айныса дәрігерге қаралған жөн:
- ауыр жарақат алсаңыз;
- ересек адамда күні бойы, балада бірнеше сағат жүрек айныса;
- бір аптадан артық жүрек айныса, жүктілік болуы мүмкін;
- бірнеше күн қатарынан айнып, жағдай нашарласа;
- жүрек айну кесірінен адам салмақ тастаса дәрігер қарауына жазылып, тексерістен өту керек.
Жүрек айныса не істеу керек?
Оны емдеу үшін алдымен туындау себебін анықтау керек. Бірақ жағдайды жеңілдетудің бірнеше жолын ұсынамыз.
1. Ойды басқа жаққа бұру
Жүрек айнығанын ойламау үшін музыка тыңдау, кино қарау керек. Осылайша ойды басқа жаққа бұрасыз. Бірақ көлікте жүрек айныса смартфон қарамауға және кітап оқымауға кеңес береміз.
2. Бөлмені желдету
Таза ауа жүрек айнуды бірден басады. Сол үшін терезе ашып бөлмені желдету керек немесе мүмкіндік болса далаға шығып, жүру керек. Одан бөлек, таза ауа бөлмедегі артық иістерді жояды.
3. Cалқын сусын ішу
Салқын су және газды сусынды ұрттап ішу де жүректің айнуын басады. Тәтті сусындар асқазанды тыныштандырады. Бірақ оның да белгілі бір мөлшері барын ұмытпаңыз. Шектен тыс тұтыну тек жағдайды ушықтырады.
4. Тәтті кәмпиттер сору
Әсіресе жалбыз дәмі бар кәмпиттер жүрек айнығанды басуға көмектеседі. Олар тек ауырлық сезімн басып қоймай, ол туралы ойды шашыратады.
5. Зімбір қосылған сусын ішу
Токсикоз, теңіз ауруы кезінде және кез келген жүрек айныған кезде зімбір қосылған сусын мен тамақ көмектеседі. Зімбір шайын ішіп, тіпті зімбір бәлішін тұтынуға кеңес береміз.
6. Жалбыз шайын ішу
Жалбыз бойында табиғи эфир майлары бар. Олар жүрек айнығанын басуға көмектеседі. Сусын қатты ыстық болмауы тиіс және оны ұрттап ішуді ұсынамыз.
Жүрек айнымас үшін не істеу керек?
Кей дәм мен иіс жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін.Сол себепті мына кеңестерге құлақ түріңіз.
- өткір иістен алыс болу (иіссу, жақпамайларды дұрыс таңдау);
- дәмдеуіші көп, майлы тағамдарды тұтынбау;
- асықпай тамақтану;
- тамақты аз-аздан жеу;
- тамақтану кезінде көп сұйықтық тұтынбау
- тамақтанғаннан кейін бірден тіс тазаламау;
- тамақтанып, бірден ұйқыға жатпау;
- белдікпен және қатты қысатын киім кимеу.
Жүрек жиі айныса міндетті түрде дәрігерге баруға кеңес береміз.