- Негізгі бет
- Денсаулық
- Жүрегіңіз ауырса ......
Жүрегіңіз ауырса ...
Жүрегіңіз соғып немесе ауа жетпеген жағдайда мынадай кеңес береміз. Бір ақжелкен, бес бас сарымсақты ет тартқыштан 3 рет өткізіп, 100гр сары майға қосып, 5 минут отқа қойып, араластырыңыз. Қара нанға жағып, таңертең және кешкі тамақтан 15 минут бұрын жеңіз.
Осы диетаны 5 аптадай ұстасаңыз өте жақсы қалыпқа келесіз. Күнде 200гр қуырылған немесе бұқтырылған балық жеу керек. Консервіленген балық жеуге болмайды. 500 грамм алманы үккіштен өткізіп, аптасына 2 рет суға пісірілген ет және 2 күн суға пісірілген картоп жеңіз. Ертеңгісін 1 сағат, кешкісін 1 сағат серуендеу керек. Таза ауада серуендегенде мұрынмен дем алып, оң қолыңызбен ауызды жауып, 1 минуттан кейін ауыздан шығарыңыз.
Егерде бірден жүрегіңіз ауыра қалған жағдайда, кішкентай ғана сарымсақтың бір бөлігін шайнамай жұтып жіберіңіз. Жүрек жұмыс уақытында, көлікте, сыртта ауыра қалса, қорықпай, отырған орныңызда бас бармақтан бастап барлық саусақтарыңыздың басын қатты уқалап шығыңыз, кейін қолыңыздың саусақтарын бас бармақтарынан басқасын жұмып, басбармақты ауырғанша 30 рет тістеңіз. Сол уақытта бірден, ақырындап жүректегі ауру кетеді. Дәл осы әдісті бірнеше рет қайталаңыз. Білмейтін дәрілерді ішпеңіз.
Дереккөз: aitaber.kz
Ж. Исакаев