- Негізгі бет
- Денсаулық
- Жүр, серуендеп қайтайық......
Жүр, серуендеп қайтайық...
Жұмыс пен сабақтан тыс кездері бір сағаттық еркін серуен құрып жеңіл жаттығулармен айналысу адам өмірін 4,5 жылға ұзартады. Бұл тек өмір ұзартудың ғана жолы емес, сонымен қатар серуендеу арқылы артық майдан құтылып, асқазан қорытуға да болады.
"Біз аптасына 75 минуттық серуен құрған адамның өмірін ұзарта алатынына көз жеткіздік. Ондай жандар жаяу жүруге қарсы жандардан үнемі ерекше тұрады"- дейді Бостондағы (АҚШ) Гарвард медициналық орталығының ғалымдары.
Бетесд (АҚШ) қаласындағы Ұлттық институттан Стивен Мурдың (Steven Moore) басшылығымен топ құрылып американдықтардың өмір ұзақтығы мен қартаю жолдары жөнінде тақырып талқыланды. Оған басқа шетелдерден де ғалымдар келіп атсалысты.
Нәтижесінде 40 жастан төмен 650 мың американдықтың соңғы онжылдықта қарттыққа қалай төтеп бергендігі анықталды. Соның ішінде 82 мыңы қартайып аурудан өлгендігі белгілі болды. Мур мен оның әріптестері адамдарды жасына, физикалық күшіне байланысты түрлі топтарға бөлді. Содан соң оларды сынай бастады. Жүгірумен және жай жүрумен айналысатын жандар басқаларға қарағанда топ бастады.
Осылайша демалыс күндері және басқа да бос уақыттарда серуен құрудан бас тартпайтын жандар өздерінің шымыр, әрі дендері сау екендігін дәлелдеді.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: zastavki.com
А. Әбілхан