- Негізгі бет
- Денсаулық
- Жұмыс салдарынан болатын...
Жұмыс салдарынан болатын күйзеліс ресми түрде ауру деп танылды
Фото:
vk.com
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жұмыс салдарынан болатын күйзелісті ресми түрде ауру деп бекітті. Бұл туралы CNN хабарлайды. Шешім Женевадағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының отырысында қабылданды.
Халықаралық аурулардың жіктелуіне сәйкес, "Күйзеліс" – дәрігерлер өз тәжірибесінде қолдануға болатын ресми медициналық диагноз. Мұндай диагноз қою келесі симптомдармен байланысты: энергияның азаюы, сарқылу сезімі, жұмысына қатысты психикалық жағымсыздықтың жоғарылауы, кәсіби қабілеттің төмендеуі.
Бұл диагноз тек кәсіби қызмет саласында қолданылады. Басқа контексте немесе басқа өмірлік жағдайларда бұл кәсіби термин ретінде пайдаланылмауы тиіс.
Т. Раушанұлы