Батыс Онтарио Университетінің докторы Девид Спенс жұмыртқаның сары уызы атеросклероз ауруына (ішкі жақтан холестериннің бөлінуі арқылы артерияның қатып қалуы) шалдықтыратынын дәлелдеді. Оның айтуынша, жұмыртқаның адам денсаулығына зиянды екені соншалық, онымен үнемі тамақтанған адамға шылым шегу секілді қауіпті екен, деп жазады rus.tvnet.lv.
Ультрадыбысты зерттеулердің нәтижесінде 1231 адам (орта жаспен 61,5) түйіндерінің жарылуы жүрек пен қан тамырлардың ауруына әсер ететініне көз жеткізді. Ұйқы күре тамырларымен байланысқан түйіндердің жабынды алаңы 40 жастан кейін ғана үлкейеді екен.
Сондықтан доктор Спенс адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретін жұмыртқаны жеуден бас тартуды ұсынады.
Айта кетерлік бір жайт – бұл дәлелдер адамның жынысына, не жасына, не қан қысымына қатысты емес.
Кім болсаңыз да, қанша жаста болсаңыз да, қандай ауру мазалап жүрсе де жұмыртқаны ауызыңызға алмауыңызды ескертеді ғалым...
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: medvestnik.by