- Негізгі бет
- Денсаулық
- Жұмыртқаның күндік мөлшері...
Жұмыртқаның күндік мөлшері қандай?
Суға қайнатылған немесе қуырылған жұмыртқа – біздің сүйікті таңғы асымыз. Дегенмен, күніне 2 жұмыртқадан артық жеуге болмайды деген тұжырым қалыптасқанын теріске шығармаймыз. Бұл қаншалықты дұрыс?
Күніне қанша жұмыртқа жеуге болады?
Күніне 2-3 жұмыртқадан артық жеуге болмайды. Оның себебін мына көрсеткіштерге қарап анықтауға болады: Бір жұмыртқаның құрамында 200 мг холестерин, 5 г май бар. Диетолог мамандардың күнделікті бұл мөлшер тек холестеринмен байланысты емес екенін айтады. Жұмыртқаны жиі жеу асқазанға ауырлық түсіріп, оның жұмысын бәсеңдетеді.
Жұмыртқа құрамындағы витаминдер мен минералдар:
Ірі жұмыртқада (50г) 70-80 килокалория бар. Нәруыз мөлшері – 6 грамм болса, көмірсулардың мөлшері 1 грамға да жетпейді. Ал, май – 5 грамм. Оның ішінде 1,6 граммы қаныққан майға тиесілі. Одан бөлек Омега-3 майы да бар: 35-40 мг (күндік мөлшердің 3%-ы)
Жұмыртқа құрамында кездесетін негізгі дәрумендер мен минерал заттардың ішінде:
• Селен – 16 мг (күндік норманың 23%-ы)
• Рибофлавин (күндік норманың14%-ы)
• В12 дәрумені ( 11%)
• Фосфор ( 10%)
• А дәрумені ( 5%)
• Темір (5%)
• Мырыш ( 4%)
Балалар мен спортшылар үшін:
Арнайы шектеу болмаса да, 6-7 жасқа дейінгі балалар аптасына 10-15 жұмыртқадан артық жеуге болмайды. Себебі, жұмыртқаны жиі қолдану дұрыс тамақтану режимін бұзып, баланың тамақтану тәртібіне әсер етеді. Кейін балада жұмыртқада жоқ дәрумендер мен минералдар жетіспеушілігі туындайды. Ал, бұлшық ет жинау мақсатында жиі жұмыртқаны талғау ететін спортышлар үшін аш қарынға әрі шикі жұмыртқа аллергияның туындауына әкеледі.
Холестерин пайдалы ма?
Холестерин десе ойымызға улы заттар елестейді. Дегенмен, оның тек қан тамырларын бітеп тастайтын зиянды зат қана емес, ағзада гормондар мен иммундық жүйенің қызметіне керекті биологиялық зат екенін де ұмытпаған жөн.
Шындығында, сау адамның бауыры күніне 10 жұмыртқандан алуға болатын холестериннен әлдеқайда көп бөледі. Холестериннің көп мөлшері адам ағзасына зиян. Бірақ, оның жұмыртқамен байланысы аса байқалмайды.
Шикі жұмыртқа қаншалықты пайдалы?
Шикі жұмыртқаның нәруызы адам ағзасына сіңіп болмайды, одан бөлек асқазанды бұзады. Сальмонеллез дертінің туындау қаупін арттырады. Одан бөлек, жартылай шикі жұмыртқаның килокалория мөлшері піскеннен екі есе жоғары.
Нәруыз әлде саруыз?
Бодибилдерлер арасында кеңінен тараған тұжырым бойынша саруызды жемей, тек ақуызын ғана қолданған дұрыс. Өйткені, холестерин осы сарыуызда кездеседі. Дегенмен, жұмыртқаның саруызына бола уайымдағаннан гөрі, шұжық, жартылай өнделген ет өнімдерінің құрамына назар аударып, оларды қолдануды азайтқан жөн.