- Негізгі бет
- Денсаулық
- Жүктілік кезіндегі соқырішек...
Жүктілік кезіндегі соқырішек (аппендицит)
Ең сұлу әйел – жүкті әйел деп жатамыз. Алайда, бұл кезеңдегі әйел адам денсаулығына көп көңіл бөліп, үлкен жауапкершілікпен қараған жөн. Ауру айтып келмейді демекші, әйелдер жүктілік кезінде де түрлі ауруларға шалдығуы мүмкін. Соның ішінде соқырішек (аппендицит ) ауруымен 800-1000 әйелдің біреуі ауырады екен. Жүктілік мерзімі өскен сайын аппендицитті анықтау қиынға соғады және науқасты емдеу кешеуілдегендіктен, ауру асқынып, жағдайы нашарлай түседі. Назараларыңызға аурудың белгілері, анықтау жолдары жөнінде ақпарат ұсынамыз.
Жүкті әйелдерде көбінесе қабынба соқырішек (аппендецит) кездеседі. Бұл аурудың қарапайым түрін білдіреді. Аурудың флегмонозды, гангреналы, префоративті сияқты асқынған түрлері жүктілік кезінде 37% дейін байқалады. Өткір соқырішек көбінесе жүктіліктің бірінші жартысында, 25% жуық екінші жартысында кездеседі. Асқынған бүлдіргіш түрі негізі жүктіліктің үшінші үш айлық кезінде немесе босанғаннан кейін басталады.
Жүктілік кезіндегі соқырішектің дамуының негізгі алғышарты жүкті жатырдың ұлғаюынан соқыр ішек пен құрт тәрізді өсіндінің ішке және жоғары қозғалуының салдарынан болады. Бұл жағдайда құрт тәрізді өсінді майысып, қанайналым нашарлайды. Жүктілік кезде жиі іш қатуға бейім болу ішектегі нәрселердің тұрып қалуы мен ішек микрофлораларының белсенділігінің жоғарылауына әкеп соғады. Жатыр жабысып қалады да, көп жағдайда түсік жасауға тура келеді. Деструктивті соқырішек кезінде нәресте іште өліп қалуы да мүмкін.
Жүктілік кезінде соқырішекті анықтау
Жүкті кезінде ағзаның қорғаныс күштері әлсірейді. Жүкті әйелдердегі соқырішектің клиникалық көрінісі жүкті емес әйелдердегіден ешқандай айырмашылығы жоқ. Жүкті әйелдердегі соқырішек холецестит, бүйректің қабынуы, қуықта тастың пайда болуы, тамақтан улану, гастрит, ішектің бүріп ауруы сияқты аурулардан айыра білу дәрігерлердің басты мақсаты. Соқырішектің пайда болуы жүкті әйелдерде жүктіліктің асқынуы, гестоз, жүктіліктің тоқтауына қауіп төну сияқты белгілерді алып келеді. Жүктілік кезінде бұл ауруды анықтау үшін қазіргі таңда УДЗ (УЗИ), құрт тәрізді өсіндідегі қанның ағуын допплеровтік зерттеу және лапароскопиялық зерттеулерді қолданып жүр.
Аурудың пайда болу себептері мен белгілері
Соқырішек жүктіліктің кез келген уақытында пайда болады. Құрт тәрізді өсінді мен оны қоршап тұрған жасушалардың іріңдеуінен деструктивті түріне өтуі жиі кездеседі. Соқырішектің қарапайым және деструктивті түрін анықтау үшін белгілі бір уақыт керек. Мәселен, қарапайым соқырішек – 6-12 сағатта, флегмонозды соқырішек – 2-24 сағатта, гангреналы – 24-48 сағатта белгілі болады.
Жүкті әйелдерде соқырішек кезінде пайда болатын асқынулар
Соқырішекті алдырып тастағаннан кейін 17% әйелдерде акушерлік және хирургиялық асқынулар пайда болады. Хирургиялық асқынуларда перфорациялық және септикалық шошыну жатады. Кей жағдайларда отадан кейін инфекциялық процесс басталады. Қандай жағдай болмасын бұл дертке шалдыққан немесе осы аурудың белгісі білінген адамға дәрігер келгенше ауруды басатын дәрілер беруге болмайды. Себебі ол ауруды анықтауды қиындатады.
Н. Үсенова