Жүктілік – өзіңді патшайымша сезінетін әйел ғұмырдың ең тамаша шағы.
Жұбайлық өмірдің ең тәтті кезі – болашақ баланың әкесінің жерік жұбайы үшін тұздалған қияр сатып әкеліп, зыр жүгіріп жүруі.
Әр ер жігіт естуге лайық сөз – "Сен әке боласың!"
Әлемдегі ең сұлу әйел – жүкті әйел. Жанарында – бақыт, жүрегінде – махаббат, ал ішінде – жаңа өмір...
Ең керемет шаш үлгісі – жуылған шаш, ең керемет макияж – қанған ұйқы, ал ең керемет дене бітімі – жүктілік.
– Сіздің салмағыңыз артып кетіпті.
– Өйткені ішімде "алтыным" бар!
Жүкті әйелдің жарқын жүзі ешқандай да да асыл тастың бағалы көзінен кем емес.
Тек бала ғана өз анасының махаббатын сезіне алады. Өйткені сол ғана іште жатып анасының жүрегін өз көзімен көрген...
Баланы дүниеге әкелу ер адамдардың ісі болса, олар әйел адамдар төзген ауырлыққа төзе алмайды екен.
9 айлық жүктілік мерзімі нәзік жандылар үшін оңайға соқпайтыны рас: жеріктік, жүрек айну, әлсіздік, жүйке жұқару дегендей. Ал сәби өмірге келгенде сіз ол үшін бәріне дайын секілді көрінесіз!
Сәбиін шын күткен жүкті әйел бір қолымен тұздалған қияр жеп, екінші қолымен есімдер кітабын парақтап отырады.
Ер адам үшін жұбайы тарапынан берілетін ең қымбат сыйлық – оған тағы бір жап-жас жүрек сыйлау.
Нағыз отбасылық өмір шаңырағыңызға жас сәби қосылғанда да ғана қыз-қыз қайнайды.
Жүкті әйел үшін ең ұзақ мерзім – тоғызыншы ай...
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
суреттер: mail.ru