"Жұқарған жүйке жүйесі қайта қалпына келмейді" дегенді бәріміз естіген болармыз. Сонымен қатар бұл қорқынышқа тек жай қарапайым адамдар ғана емес, дәрігерлердің өздері де сенген еді. Бірақ 2000 жылдары ғалымдар жүйке жүйелерін қайта қалпына келтіруге болатындығын дәлелдеді.
Медицина ғылымдарының докторы В. Гриневич 2004 жылы тіпті үлкен адамдардың өзінің миында өзекті торшалардан жаңа нейтрондардың жасалатындығынын айтты. Қазіргі уақыттарда бұл жаңалық медицина ғылымында кең түрде қолданылып келеді.
Өзекті торшалардың ағзадағы кез келген жасушаларды жарып жіберуге шамасы жететіндігі белгілі. Жаңа технология жүйке жүйелерін қайта қалпына келтіру жұмысын еш қиындықсыз жасайды.
АҚШ-тың кейбір емдеу орталықтарында дәл қазіргі уақытта өзекті торшаларды сақтауға арналған көптеген бағалы сақтау орталықтары бар. Тіпті бұл жаңалықтың нәтижесін шығару мақсатында бір емделушіге операция жасалып та көрді. Трансплантацияның нәтижесі сәтті шықанымен өзекті торшалардың негізін анықтауда аздаған қиындықтар пайда болған.
Шеффилдский университетіндегі Британ маманы осы қиындықпен күресті. Олар өздерінің жасаған үздіксіз жұмыстарымен дыбысты сигнал арқылы миға хабар беретін жүйке негіздерін құруды қолға алды. Бұлардың бәрін тек өзекті торшалар арқылы жүзеге асыруға болатын. Дайын болған құрылғыны сынап көру үшін жануарларды пайдаланды. Бірақ бұл сынақ әлі адамдарға жасалып көрген жоқ.
Бұл сынақты адамдарға жасау үшін құлақпен жалғасатын тұсына қосымша торшалардың қажеттілігі туындайды. Осы арқылы болашақта құлағында мүкісі бар жандардың құлағын ашу үшін зор мүмкіндік туады. Тек осы бір қиындықпен күресіп, жақсы нәтижеге қол жеткізсе болғаны.
Бұл экспериментті миға орнату үшін ғалымдар сарышұнақтарды (құмтышқан) пайдаланды. Өйткені басқа тышқандармен салыстырғанда олардың есту мүшелері жақсы жұмыс жасайды. Адамдар секілді дауыс жиілігіне байланысты дыбысты ести алады. Бір торшаны екінішісіне қою үшін арнайы химиялық қоспа пайдаланылды. Осы арқылы дайын болған торшалар 18 саңырау сарышұнақтың құлағының ішіне орналастырылды.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: dejavouz.wordpress.com, liveinternet.ru