- Негізгі бет
- Денсаулық
- Жүгірудің пайдасы...
Жүгірудің пайдасы
Жүгіру адам ағзасының қызметін жақсартады. Күні бойы ештеңемен айналыспай, уақытын текке өткізген адамды келеңсіз ойлар мазалайды. Ал жүгірумен айналысқан адамның ойы мүлде өзгеше болады. Жүгіру адамға қуаныш, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Қиындықтан қорықпай, оны жеңе білуге баулиды.
Ең бастысы, ерінбей, жалқаулыққа бой алдырмай бұл істі тезірек қолға алу керек. Бұл психологиялық кедергіні жеңе білудің қаншалықты қиын екенін және оның табанды күресті қажет ететінін түсінеміз. Егер өзіңе жаның ашыса, кейінге қалдырып соза бермей, шұғыл бастап кету керек. Жүгіруді өзіңе мақсат етіп қойып, соны орындау керек. Алғашқы күндері орныңызда тұрып, бірнеше секунд қозғалсаңыз да, бұл – нақты қадам. Тек өз өміріңізге немқұрайлы қарамай, белсенді өмір сүруді талап етіп қоя білсеңіз жеткілікті.
Сурет: clubcanon.ru
Ж. Исакаев