Біздер жүгіру кезінде нешебір ойларға кенелеміз, солардың бір парасын назарларыңызға ұсынсақ:
1. Жүгіргенге жақсы күн екен!
2. Бұл болмады (мұным жарамады). Басқа тірліктер бар еді.
3. Мен ойлағандай ұзамақ емес екен. Тез аяқтаймын.
4. Ұзақ болып кетті ғой, жетпеймін-ау.
5. Қанша жүгірдім? Ғасырдан ұзақ жүгіріс болды ғой.
6. Енді бар-жоғы 15 минут қалды, шыда.
7. Тұла бойым ауырлап кетті, жүгіруді қай жерден бастап едім өзі.
8. Жақсы, бір деммен жүгір. Жолдың жартысы қалды.
9. Кім санап жатыр дейсің? Үйге оралайын.
10. Мен секілді тағы бір жүгірген адам.
11. Дене сымбатымды түзулеп алайын. Ол мені көрсін.
12. Маған қарап отыр, оларға қарама!
13. "Екінші өкпе" (дыхание) дегенді сезінудемін.
14. Мына жолды таңдамап едім ғой, мейлі, жарар.
15. Буын жаттығуларын жасап қояйын.
16. Осындай кезде ешкім көрмей қалады ғой.
17. Үйге қашан оралады екенмін?
18. Егер менде жүрек талмасы ұстаса, кім тауып алар екен, қызық?!
19. Кинода ылғи жүгірген адам жолынан бір нәрсе тауып алушы еді ғой.
20. Мына жүгіру жалықтырайын деді.
21. Қой, жартысын болса да бітірейін.
22. Үйге оралғанда не жейді екенмін?
23. Үлкен жол жүргеніме қарағанда, бір бөлкені өзім тауысып қоятын сияқтымын.
24. Кешегі тамақты да ұмытпайын.
25. Тамақты ойлағаным ұят болар.
26. Мыналар алдымда не істеп барады? Қыдырып жүр ме?
27. Уақыттарын зая кетірмей, жүгірмей ме? Мұндай да адамдар болады екен ғой.
28. Табанымды қаттырақ басар болсам, мүмкін маған жол ашар?!
29. Міне, қырсық, олар қарамайды ғой. Мен олардың артында қалдым. Тонаушы деп ойлап қалмасын.
30. Шынында да, бүгін күн жүгіргенге жақсы екен?!
31. Қайдан ғана секіріп едім, аяғым ауырып қалды. Білдірмейін.
32. Мен ғана проблемамен туылған жоқ шығармын.
33. Мына жерде бұрылыс бар.
34. Мына кішкентай балаларды қара, енді мен сендер үшін де жүгірейін.
35. Тесіліп қарамаңдар
36. Маған жүгіру жарасады екен.
37. Менен басқа біреу-міреу жүгіріп жүр ме?
38. Жаман нәрселерді ойламайын.
39. Жеңіс мәресінде мені тәттілер мен дәмді тағамдар күтіп тұр.
40. Түрік сериалдарының бәрін көрдім, не тәлім берді. Осыным пайдалы екен.
41. Үйге оралғанда алдымен душқа түссем бе, тамақтанып алсам ба?
42. Мен бүгін кез келген тамаққа лайықтымын. Лайықтымын.
43. Өзімнің жүгіріп бара жатқанымды суретке түсіріп алуым керек еді.
44. Мына қыздарға қолымды бұлғап қояйын.
45. О, тәңірім, қызым терезеден қарап тұр екен ғой. Жанымды шығаратын болды.
* * *
Жүгіру кезінде бір бүйірдің ауыруы
Егер сіз жүгіру кезінде бір бүйіріңіздің ауырғанын сезінсеңіз, одан арылу үшін салмақты сол аяққа тастай отырып дем шығаруыңыз тиіс. Осы арқылы сіз бауыр етінің диафрагмаға қарсы қысымын төмендетесіз. Оң аяққа қадам басып, дем шығару арқылы өзіңіздің бауырға қысым арттыратыңызды жадыңызда ұстауыңыз шарт.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: menshealth.com.ua