- Негізгі бет
- Денсаулық
- Жұбайлардың бір-бірінің денсаулығына...
Жұбайлардың бір-бірінің денсаулығына тигізетін әсері
Бір шаңырақтың астындағы ерлі-зайыптылар мінез-құлқының немесе өзге де тұрмыс әдеттерінің бір-біріне әсер ететіні белгілі. Бірақ, денсаулықтың да бір-біріне әсер ететінін ойлап көрдіңіз бе?
***
Зерттеулер адамдардың тұрмыстанудан бұрынғы қалыпты әдеті, тұрмыстанғаннан кейінгі бірнеше жыл ішінде өз жұбына әсер ететіндігін, мысалы, оның тамақтану әдеті, арақ ішу немесе темекі тарту әдеті түгелімен біртіндеп адамның тұрмыс әдетін өзгертетінін байқаған. Сондай-ақ егер ерлі-зайыпты екі адамның бірі ауырып қалса, тағы бірінің науқасқа шалдығу қаупі көрнекті түрде артатындығын, бұл рак, миға қан құйылу, жабығу, т.б қамтитындығын да зерттеушілер айтып отыр.
Ортақ тұрмыс кешіру, тек бірге жатып, бірге тұрудан басқа ерлі-зайыптылар эмоциясының бір-біріне жұғуынан дерек береді. Егер бір жағы ұзақ уақыт қиыншылыққа тап болса, енді бір жағы да сол үшін күйік тартады. Зерттеулер тағы мынаны дәлелдейді, зайыбы қызмет жағында сәтсіздікке жолығып, ұзақ уақыт назаланса, онда жұбайының жүрек ауруына шалдығуы үш есе артады екен.
Осы зерттеулерді жүргізген Нью-Йорк университетінің жұқпалы аурулар маманы Хамус «Шипагер науқастан тұқым қуалау ауруы бар-жоғын сұрайды. Ал күйеуі не әйелінің қандай тұрмыс әдеті бар-жоғын сұрап жатпайды. Міне, бұл маңызды жіп ұшын қағыс қалдырғандық» дейді.
Ерлі зайыптылардың бір-біріне ықпал жасауының маңызы зор.
Неке адамға көңілділік бағыштайды. Бірақ көптеген жағдайда керісінше болады. Мысалы, бір жағы темекі тартып, арақ ішіп немесе өзге де дәрілерді көп пайдаланса, енді бір жағы да мұндай жаман әдетті қалыптастырып немесе жұбының мұндай тұрмыс әдетіне еті үйреніп кетеді екен.
Ерлі-зайыптылардың бір-біріне ықпал жасауы айқын болмайды. Мысалы, күйеуі ұйқысыздық ауруына душар болып, түр жарымында мазаланса, бұл әйелінің ұйқысына аса көп кесірін тигізбейді. Ал енді әйелі таңертең сағат бесте тұрып, жұмысқа барса, күйеуі ұйықтай алмайды екен. Мұнда ұйқы бір адамның денсаулық ақаусыздығына төте әсерін тигізеді екен.
Неке қақтығысы мен өлім мөлшері де бір-бірімен қатысты болады. Мысалы, күйеуімен үнемі ренжісіп ашу шақыратын әйелдерді көңіл-күйін дұрыс ретке түсіре алатын әйелдермен салыстырғанда, олардың он жылдан кейінгі өлім-жітім мөлшері төрт есе жоғарылайтындығын байқаған.
Мінездегі келеңсіздікті өзгерту ерлі-зайыптылар үшін өте пайдалы. Ерлі-зайыптылардың біреуі денсаулыққа пайдалы істерге мән беріп, тамаша тұрмыс ортасын жаратса, тағы біреуінің тұрмыс тәсілі де белсенділікпен алға ілгерлеп өзгереді.
Әр жақтың денсаулық жағдайы бір-біріне сәйкеспейді.
Ерлі-зайыпты адамның бірі сау денелі, ал енді бірі науқасқа шалдыққан болса, онда әр екеуінде де денсаулық жағдайының сәйкеспеу жағдайы келіп шығады. Яғни, біреуі созылмалы ауруға кіріптар болса, денсаулығы жақсы біреуі де психологиялық жақтан қатты қысымға душар болады.
Зерттеулер егер бір әйел адам ұзақ уақыт науқасқа шалдыққан немесе салданып кемтар болып қалған күйеуіне аптасына тоғыз сағаттан артық қарайласса, жүрек ауруына кіріптар болу мүмкіншілігі артатындығын, өйткені, қатты қалжырап шаршау мен күйеуінің қиналған хал-күйі, экономикалық ауыртпашылықтардың бәр-бәрі де денсаулығы ақаусыз адамға психологиялық жақтан қатты қысым әкелетінін, оның үстіне ұзақ уақыт науқасқа шалдыққан біреуіне қарайласқан жұбайының өлім-жітім қаупі де жоғары болатындығын анықтаған.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: mail.ru
А. Құлтай