Жиде ағашта өсетін ортасында дәні бар жидек. Жиде ағашы өте төзімді, шөл, құрғақшылық секілді көптеген шарттарда өсе алатын қасиетке ие. Осы ерекшелігімен әлемнің көп жерлерінде және еліміздің барлық өңірлерінде өседі. Жиде ағашының барлық өңірлерде өсе алуын қамтамасыз ететін қасиеті, топырақтағы азотты тамырына сіңіруі болып табылады. Сондықтан құм тоқтатуда, өзен, арық бойын, қаланы көгалдандыруда пайдаланылады. Гүлдеген кездегі жұпар иісі жағымды әсер қалдырады. Жиденің 40-қа жуық түрі бар. Жидені тұтынудың денсаулық тұрғысынан ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы айтарлықтай көп, әсіресе ішек жолдары мен бүйрекке өте пайдалы болып табылады. Жидеде Е дәрумені көп болады. Бүйрегі ауыратындарға жиде жеуге кеңес беріледі. Бүйректер ағзамыздың ең көп жұмыс атқаратын мүшелерінің бірі. Бүйрек зиянды заттардың сыртқа шығарылуын қамтамасыз етеді. Зиянды заттар бүйректен өтетіндіктен адам жеткілікті мөлшерде су тұтынбайтын болса, кейбір қалдықтар қатайып бүйрек тасын қалыптастырады. Бүйрек тасы өте қатты мазалайтын, емі қиын аурулардың бірі. Ал жиде, гүлі, жемісі және дәнімен қоса толықтай бүйрек ауруына жақсы әсер етеді. Жиденің өзін жеп тұтыну пайдалы дедік. Сондай-ақ дәні мен гүлін қайнатып ішкен жағдайда бүйрегінде тасы барларға жақсы әсер етеді. Сонымен қатар ішек жолдары, асқазан ауруларына өте пайдалы. Әсіресе іш өтуіне қарсы жақсы көмектеседі. Іш өтуі де ас қорыту жүйесінің кеселі. Іш өткен кезде бір уыс жидені реңі аздап сарғайғанға дейін суға қайнатып ішу керек. Іш өтуіне қарсы жақсы көмектеседі. www.bilim-all.kz