Жиі қолданылатын медициналық терминдер

Жиі қолданылатын медициналық терминдер
Фото: envato.com

Медициналық терминдерді күнделікті естігенімізбен, оның мағынасын толық біле бермейміз. Мысалы, "лимфоциттердің көбею" немесе антитела ұғымын алуға болады. Неге тері күтіміне арналған жақпамайларда коллаген мөлшері жазылады деген сұрақ та мазалаған шығар. Ендеше жиі қолданылатын медициналық терминдердің мағынасын назарларыңызға ұсынамыз. 

Анемия / Қан аздық
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының ақпараты бойынша, қан аздықтан әлемнің 2 миллард тұрғыны зардап шегеді. Қан аздық қандағы гемоглобин (темір) мен эритроциттердің жетіспеушілігінен туындайды. Бұл ағзаға оттегінің дұрыс тасымалдануына кедергі келтіреді. 

Антиген
Бұл ағзаға түскен вирус, бактерия немесе өзге де инфекция. Онымен күресу үшін ағза автоматты түрде антидене (антитела) бөле бастайды.

Биоматериал
Лабораториялық зерттеу мақсатында адам ағзасынан алынған зат. Бұл заттар тізіміне қан, тер, қақырық, шаш, сілекей және асқазан сөлі жатады.

Детоксикация
Денені ішкі ағзада жиналған токсиндер, яғни улы заттардан тазарту кезеңін айтады. Детокс сөзі де осы терминнен алынған.

Коллаген
Байланыстырушы ұлпа мен коллаген талшықтарының негізігі құрамы бола отырып, олардың созылмалы әрі берік қасиеттерін арттыратын ақуыз түрі.

Лейкоциттер
Ағзадағы инфекцилармен күресетін қан жазушасы. Егер дәрігер лимфоциттер мөлшері көбейіп тұр десе, демек ағзада жұқпалы инфекцияның барын бірден ұққайсыз.

Синдром
Байқалған белгілердің біріге отырып, созылмалы әрі тұқым қуалайтын белгіге ие болуы.

Т. Есқали