Жиі жымиып жүріңіз

Жиі жымиып жүріңіз
Фото: korysno.pro

Күлімдеудің адам денсаулығына берер пайдасы көп. Адам жымиған кезде беттегі 53 бұлшық етті қимылдатады. Ал, қарқылдап күлу немесе орынсыз ыржалақтай берудің пайдасы шамалы. Себебі, артық күлкі абыройдан айырып, жүректі қарайтады. 

Жүрек соғысын реттейді

Ғалымдардың жасаған зерттеуі бойынша, күйзеліске душар болған жан күлімдесе, жүрек соғысы қалыпты жағдайға түседі екен. Бұл дегеніміз, уайым тұңғиығына батқан жанның көңіліне тыныштық орнап, өзіне деген сенімділігі күшейеді. Сонымен қатар, күлімсіреу уайымның әсерінен жүрек-қан тамырына түсетін ауыртпалықты жеңілдетеді.

 

Стрессті жеңуге көмектеседі 

Стресс бүгінгі қоғамда адамдардың ажырамас досына айналған. Күлу стресстік жағдайды қалыптастыратын эпинефрина, норадреналин гормондарының көп бөлуін алдын алады. Үнемі күлімсіреп жүру арқылы сіз ұзақ уақыт сақталатын стресстен оңай құтыласыз. 

Иммунитет күшейеді

Қан құрамындағы лейкоцит мөлшерінің көп болуы организмнің түрлі вирустық, бактерияларлық ауруларға қарсы тұру мүмкіндігін күшейтеді. Күлген кезде организміңіздегі лейкоциттердің белсенділігі жоғарылап, саны артады. 

 

Ұйқысыздықтан арылтады

Ұйқыға жатар алдында комедиялық фильмдер көру немесе уақытты отбасымен, достармен көңілді өткізу, тыныш әрі тез ұйқыға кетуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, адам күлгенде ағзада эндорфин гармоны бөлінеді. Көңіл күйдің жақсы болуы, адамның өзін-өзі жақсы сезінуі аталмыш гармон көлеміне тікелей байланысты.  

Дайындаған: Әбдіманап Нұржан

Massaget