Тақырыпты оқып отырып, «бұл мүмкін емес» дейсіз. Себебі жер бетіндегі әрбір үшінші адамның жүрегі ауырады. Оған себеп көп. Соның бірі ауаның ластығы, темекі шегу, арақ ішу және түрлі қатерлі затты пайдалану секілді дүниелер. Дегенмен осының бәріне төтеп бере алатын, жүрек ауруымен ауырмайтын тайпа өмір сүреді. Олар аңыз да ертегі емес. Ақиқат.
Амазонкада өмір сүретін Циман тайпасында жүрек ауру туралы түсінік жоқ. Олар әлемдегі ең қауіпті мекенде өмір сүрсе де жүректері әлемдегі әрбір адамның жүрегінен екі есе жақсы жұмыс жасайды, ауру дегенді білмейді.
Оңтүстік Американың тегі болып саналатын Циман тайпасының бұл қасиетке қалай ие болғанын зерттеушілер жан-жақты қарастыру үстінде. Қазірдің өзінде жауабын тапты.
Олардың айтуынша, майлы тамақтан гөрі суда өмір сүретін жәндіктер мен балықтарды пайдалану, темекі сынды қатерлі заттарды пайдаланбау бұл тайпаның жүрек ауруымен ауырмайтын сырын ашып берді.