- Негізгі бет
- Денсаулық
- Жегіңіз келгенді пайдалы...
Жегіңіз келгенді пайдалы тағамға ауыстырыңыз
Тәтті жегіңіз келсе, бірден дүкенге барып шоколад сатып алудың қажеті жоқ. Бұл сәл ғана бақыт гормондарын көбейтіп, аз уақытқа көңіліңізді көтеруге көмектеседі демесеңіз, ағзаңызға тигізер пайдасы шамалы. Керісінше, қандағы қант құрамын көбейтіп, артық салмақ қосуға сеп болады. Тәттіге не қышқылға деген құмарлық ағзаңызда әлдебір дәрумен жетпейтінін білдіреді. Бұл дәруменді сіз ағзаңызға пайдалырақ басқа тағамнан таба аласыз.
Нан жегіңіз келсе, азот ақуызы мол болатын бұршақ, балық, ет, жаңғақ секілді тағамдар жеңіз.
Шоколад қаласаңыз, ағзаңыз магний қажет етеді деген сөз. Ол бұршақта, жаңғақ пен пістеде, жемістерде бар.
Тәтті бірнәрсе жегіңіз келіп тұрса, оның ләззатын жеміс-жидек те сыйлай алады.
Шай мен кофеге тәуелді адамдар бар, оның зиянын бірнеше рет жазған едік. Мұндай құмарлық ашылған кезде орамжапырақ, брокколи, мүкжидек, ақжелкен жеңіз.
Ал тамақтан кейін газды сусын ішкіңіз келсе, ол тамақты жақсы қорытуға көмектеседі деп өзіңізді алдамаңыз. Шаш етектен келетін зиянын бойыңызға сіңіргенше, газды су ішкіңіз келген кезде брокколи, бұршақ, ірімшік жеңіз.
Майлы тамақ жегіңіз келуі кальций жетіспеушілігінің белгісі. Бұл кезде де ағзаңызға брокколи, бұршақ, ірімшік көмекке келеді.
Қатты қуырылған тағам жегіңіз келсе, ағзаңыз көміртек қалайды деген сөз, ол жемістер құрамында көптеп кездеседі.
Сіз тұзды тағам қаласаңыз, ағзаңыз хлоридтерді қалайды. Оның орнын пісірілмеген ешкі сүті не балықпен толтыра аласыз.
Қышқыл тағам құрамында магний көп, ағзаңызға магний жетіспеген кезде осындай қажеттілік туады. Бұл кезде асқазанды пістемен, бұршақпен, жемістермен алдауға болады.
Сұйық тағам ішкіңіз келсе, денеңізде су тапшылығы бар. Суға лимон не лайм қосып, күніне 9-10 стақаннан ішіп отырыңыз.
Ал салқын сусын ішкіңіз келе берсе, организм марганец талап етіп жатыр деген сөз. Мұндай кезде бадам, грек жаңғағы не көкжидек жеуді ұсынамыз.
Үнемі қарныңыз аша беретіндей сезім болып, әйтеуір бірдеңе жегіңіз келсе, триптофан аминқышлықына зәрусіз. Ол ірімшікте, бауыр етінде, саумалдықта, қозы етінде, жүзімде болады.
Ал мүлдем ештеңе жегіңіз келмейтін болса, бұл да дәрумен жетіспеушілігінің көрсеткіші. В дәрумендері жаңғақ, пісте, бұршақ, бауыр, тунец, сиыр еті, тауық етінде көп.
Темекі шеккіңіз келсе, кремний қажетсінесіз деген сөз. Оны да жаңғақтан, жемістер мен көкністерден таба аласыз.
Күнделікті ас мәзіріңізден жаңғақ пен бұршақты тастамасаңыз, арасында брокколи жеп тұрсаңыз, ағзаңыз дәруменге байиды да, белгілі бір тамаққа құштарлық деген болмайды.
@. @assel_assanova