Ұйқысыздықтан шаршадыңыз ба? Күнделікті шаршап, ұйқыңыз келіп жүре ме? Түнде толыққанды ұйықтау үшін, күніңізді дұрыс жоспарлаңыз.
Таңмен ерте ояныңыз
Биологиялық сағаттарыңыз таң атысымен оянуыңызды талап етеді. Сағат 7-8-де ұйқыдан тұруға дағдылансаңыз, күні бойы шаршамай, түнде жақсы ұйықтайсыз. Өзіңіздің ішкі сағатыңызбен гармонияда болуыңыз күні бойы сергектік пен күшпен қамтамасыз етеді.
Таңғы жаттығулар
Таң - спортпен шұғылдануға ең қолайлы уақыт. Кешкі жаттығулар тез ұйықтауға кедергі болса, күннің бірінші жартысындағылары керісінше оянуға, сергек болуға көмектеседі. Таңғы жаттығулар ағзадағы зат алмасуды тездетеді, күндіз күшіңізді дұрыс жұмсап, кешке күшсіз қалдырып, тез ұйықтауыңызға әсер етеді.
Таңғы асты қалдырмаңыз
Сіз үшін түн демалыс болса да, ағзаңыз түнде де жұмыс жасауын тоқтатпайды. Сондықтан таңертең ол қорекке ерекше зәру болады. Таңғы ас - ағзаңызға күнделікті қажетті рационның басты бөлігі. Таңмен тамақ ішпей сіз ағзаңызды стресс жағдайына түсіресіз. Метаболизмды бұзып, артық салмақ жинауға да осы таңғы асты ішпегендік кінәлі. Ағзаңыз тамақтың тапшылығын байқап, май жасушаларын жинай бастайды. Сондай-ақ сізге белгі беру мақсатында аштық гармондарын көптеп шығара бастайды. Нәтижесінде сіз түскі асқа тамақты толтырып жеп, бірнеше аптадан кейін сүйікті шалбарларыңызға сыймай қаласыз.
Түскі астан кейін мызғып алыңыз
Стресс кезінде ағзаңызда кортизол атты ұйқы бермейтін гормон пайда болады. Оның шамасы таңертең жоғары болып, кешке түседі. Алайда стресс әсерінен оның реттелуі бұзылып, түндегі ұйқыға бөгет бола алады. Түстен кейінгі қысқа ұйқы бұл қиындықпен күресуге көмектеседі. Сондай-ақ түндегі уақыт ұйқыңызды қандыруға жетпесе, түстен кейінгі қысқа ұйықтау сіз үшін таптырмас шешім.
Дұрыс тамақтану
Жайлы ұйқы үшін сізге триптофан атты зат қажет. Бұл биологиялық сағаттың жұмысын реттейтін серотонинді өңдіретін амин қышқылы. Қандағы триптофан мен серотониннің шамасы аз болса, бұл депрессиялар, стресс, бас аурулары мен ұйқының бұзылуына әкеледі. Триптофан жаңғақта, ірімшікте, сүтте, банан мен саңырауқұлақтарда болады. Рационыңызға осы тағамдарды қосу арқылы, ұйқыңызды реттесеңіз болады.
Кофеин мен никотинге жоқ деңіз
Ұйқыға бірнеше сағат қалғанда кофе, шоколад, темекіден бас тартыңыз. Олардың әсері энергетиктің әсерімен бірдей болады: миға дем алуға бермейді. Ал кофеин мен никотин тіптен ағзаға әсері тек 6 сағаттан кейін ғана кетеді. Олар сіз қатты шаршап тұрсаңыз да, адреналинді бөлуге көмектесіп, көз жұмуға бермейді.
Кешкі асты кеш қалдырмаңыз
Кешкі асты тым кеш жеп ұйықтадыңыз делік. Бұл жағдайда асқазаныңыз ағзамен бірге дем ала алмай, асты қорытумен айналысады. Ол жалпы ағзаңызға дем алуға бермейді. Нәтижесінде: ұйқыңыз қанбайды, асқазан тамақты дұрыс қорытпайды, артық салмақ жиналады, ас қорыту жолдарының аурулары туындау мүмкіндігі жоғарылайды.
Ұйқыға дайындалыңыз
Ұйықтамас бұрын кейбір дауалар жасап алсаңыз болады. Мысалы суға түсу арқылы дене температурасын реттеп, тез ұйықтай аласыз. Ұйқысыздыққа жақсы көмек - емдік қасиеттері бар шөптер қайнатпасы немесе эфир майлары қосылған ванна қабылдау.
Ал сіздің ұйқыңыз қанып жүр ме?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: jequiti.com.br