Күн суып, қыс басталмағанша, мынандай тәжірибе жасап көріңіз. 10 апта бойы жаяу жүруді әдетке айналдырып, кем дегенде 5 килограмға арықтаңыз. Осылайша ауыр жаттығуларсыз, сүйікті қалаңыздың көшелерін аралап, артық салмақпен қош айтыса аласыз.
Жаяу жүру қалайша артық салмақты жоя алады?
Зерттеулер көрсеткендей, күнделікті 2-ақ километрлік серуен 300 ккалға дейін жоя алады. Сондықтан арықтап, өзіңізді жақсы қалыпта ұстау үшін, жаяу жүруге күнделікті бір сағаттан кем емес уақыт бөліңіз. Жаттығулар күнделікті қайталанғаны абзал. Осылайша асықпай, ең көп дегенде жарты жылда артық салмақты тастап, өзіңізге лайықты қалыпты ұстана аласыз.
Маңызды!
Биік өкшемен серуендеудің пайдасынан зияны көп. Күнделікті сөмкеңізге ыңғайлы аяқ-киімді салып жүріңіз. Сонда қайда, қашан болмасын, жайлы аяқ-киім киім киіп, жаяу серуендей аласыз.
Баспалдақтар жасасын!
Кеңсеңізде лифт, эскалатор орнатылған ба? Техниканың жаналықтарын қолданбай, қарапайым баспалдақтармен жүруден бас тартпаңыз. Осылайша, күні бойы әжептәуір "жаттығу" жасап үлгересіз.
Жаяу жүріп демалыңыз!
Жаяу жүрудің стрестерден құтқара алатыны дәлелденген. Ғалымдардың айтуынша, стрестерге шалдыққан адамның арықтауы мүлдем қиын болады. Ағзада стресс гормондары пайда болып, олар салмақ тастауға кедергі болуы мүмкін. Күнделікті таза ауадағы серуендер стрестердің алдын алудың керемет жолы.
Сондай-ақ жаяу серуенді жігітіңізбен кездесуге айналдырсаңыз болады. Соңғы жылы күндерді пайдаңызға асырып үлгеріңіз!
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: mundorosa.com.mx