Қытайдағы Харбин медициналық университетінің зерттеушілері соңғы 30 жылда дүние жүзінде жасөспірімдер мен жастар арасында 2 типті қант диабеті күрт өскенін анықтады. Зерттеу BMJ басылымында жарияланды, - деп хабарлайды gazeta.ru сайты.
Басылым мәліметінше, ғалымдар 204 елден 15 пен 39 жас аралығындағы адамдарды қамтыған 2019 жаһандық ауруларды зерттеу деректерін пайдалана отырып, жүйелі талдау жүргізген.
Зерттеушілер 1990 жылдан 2019 жылға дейін әлем бойынша жасөспірімдер мен жастар арасында сырқаттанушылық деңгейінің айтарлықтай өскенін (100 000 халыққа 117,22-ден 183,36-ға дейін) байқаған. Өлім-жітім көрсеткіші жоғары.
Сондай-ақ, орташа әлеуметтік-демографиялық индексі бар елдерде аурудың таралуы да, өлім саны дажоғары.
Зерттеу қорытындысы 2 типті қант диабетімен артық салмағы бар адамдар мен, әйелдер жиі ауырып, қайтыс болатынын көрсеткен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!