Жасөспірім шақта безеулерді қалай емдеу қажет
Тері сұлулығын не анықтайды? Гормондар – біздің басты көмекшілеріміз. Дәл солар тері қалыңдығына, оның серпімділігіне, ылғал жұтқыш сипатына және қан айналымына жауап береді. Май бездерінің белсенділігі де жыныстық гормондарының деңгейіне тәуелді. Эстрогендер олардың белсенділігі мен мөлшерін азайтады, ал андрогендер, керісінше, секрециялық белсенділікті ынталандырады. Осылайша, андроген гормондарының баланс үйлесімсіздігінен тері бүлінеді. Ол майлы және ұсақ тесікті болып, тері бетіне безеу, қайызғақ, артық шаш шығып, тіпті етеккір циклі де бұзылуы мүмкін. Бала көтеруді жоспарласаңыз, оған да кедергі болуы мүмкін.
Бүгінгі таңда климакстың жүрек-тамыр жүйесі мен сүйекке жағымсыз әсері туралы көптеген зерттеулер жарияланған. Ал эстроген тапшылығының теріге әсері туралы ақпарат аз. Таң қаларлық жағдай, себебі, тері адам ағзасының ең үлкен мүшесі және сыртқы ортадан қорғанысы болып табылады! Бөртпе бойжеткендердің 80%-ында, 25-34 жас аралығындағы қыз-келіншектердің 8%-ы мен 35-44 жас аралығындағы әйелдердің 3%-ында кездеседі. Соның өзінде, дәрігер көмегіне тек 20% қыз-келіншектер жүгінеді екен. Көбі мұны тек косметикалық проблема деп ойлайды. Бірақ дәрігердің көмегінсіз-ақ, бұл кем дегенде, психологиялық жабығуға әкелуі мүмкін екенін әркім білуі тиіс: мазасыздану, депрессия, және өз-өзіне сенімсіздік.
Акнені қалай емдейді?
Ережеге сәйкес, бұл толық құралдар кешені – ретиноидтар, антисептикалық құралдар, антибиотиктер. Мұның бәрі акне факторларына әсер етеді:
- Шаш фолликулы қабыршақтануының бұзылуы және алғашқы морфологиялық элемент – микрокомедондардың (ұсақ түйіндер) түзелуі
- Бактериялық фактор
- Қабыну
- Май бездерінің секрециялық қызметінің бұзылуы. Бұл ретте тері майының сандық және сапалық құрамы өзгереді. Бұл, өз кезегінде, андрогендер деңгейінің көтерілуінен немесе май бездерінің андрогендер «қалыпты» деңгейіне сезімталдығынан болады.
- Қазіргі уақытта ғалымдар акнені терінің созылмалы ауруы ретінде қарастырады. Сондықтан, жоғарыда жазылған антибиотиктерге қатысты күмән келтіреді. Себебі, ертелі-кеш адам ағзасының микробтарға тұрақтылығы артады. Бір рет емін қабылдап көргесін, адам қайта-қайта осы тәсілге жүгіне береді. Сонда не істеу қажет? Жауабы қарапайым: дерматолог сізге қандай ем тағайындаса да, андрогенді дәрілерді жазып беруін сұраңыз. Мүмкін сізге дерматолог емес, құрамы андрогенге қарсы сипаты бар прогестагендерден тұратын құрама контрацептив таңдап беретін гинеколог дәрігерге бару қажет шығар. Заманауи аз мөлшерленген құрама контрацептивтерді қолдана отырып, сіз бірден үш өзекті мәселені шешесіз:
- Сенімді контрацепция
- Циклды бақылау және дисменорея проблемасын шешу
- Жас қыз-келіншектерге өте ыңғайлысы: артық салмақ болмаса, бір уақытта косметикалық проблемаларды емдеу
Құрама контрацептивтерге қарағанда, андрогенді препараттардың зат алмасуға ашық қосалқы әсері болады, яғни, сіз салмақ жинайсыз. Сонымен қатар, олар контрацептивті препарат болып табылмайды. Сондықтан да, циклдің тұрақтануы үшін, дәрігердің сізге құрама котрацептив жазып беруі ықтимал. Жасөспірімдердің 75% -ының етеккір циклі бұзылған («жағылу», меноррагия). А егер сіз «өз бетімен жазылады» деп шешсеңіз, не болады? Негізінде, әрине, жазылады. Бірақ тек 20-25 жасқа қарай. Ал егер сіздің жасыңыз жасөспірімдік кезеңнен баяғыда асып кетсе, ал проблема әлі сол күйі сақталса, сізге шұғыл түрде эндрокринолог-гинекологқа бару қажет. Сонымен, сізде келесі сипаттардың бар-жоғына назар аударыңыз:
- Кенеттен ауыр бөртпелердің шығуы
- Бөртпелердің көпшілік қолданатын терапияға бой бермеуі, әсіресе әйелдерде гирсутизм (ерлерге типтес дене бөліктерінде шаштың өсуі) байқалса, еттеккір циклінің бұзылуы және гиперандрогенияның басқа да сипаттары болса.
- Ретиноидтармен (изотретиноинмен) ем қабылдай бастағаннан кейін, аз уақыт ішінде процестің қатты асқынуы
Бұл жағдайларда, сізде аналық жыныс безінің поликистоз синдромы анықталуы мүмкін. Егер беліңізде артық май жиналған болса, ол да поликистоз синдромының белгісі болуы ықтимал. Оған қоса, гормондардың баланс үйлесімсіздігінен бүйрекбез қыртысының тума гиперплазиясы, гиперандрогенияның ауыр жағдайында бүйрекбездің немесе аналық жыныс безінің андроген-секрециялық ісігі болуы мүмкін.
Сондықтан, дәрігерге ертерек қаралғаныңыз жөн. Ол сізге арнайы препараттар жазып немесе бьютиконтрацепцияның жеке бағдарламасын таңдап беруі тиіс.
Суреттер zdorovieinfo.ru, nar-sredstva.ru, ooho.ru сайттарынан алынған