Қазіргі таңдағы медицинада төрт түрлі қан тобы бары белгілі. Адам денсаулығына осы төрт түрлі қан тобы негізінде сараптама жасалып келеді. Алайда жапондық ғалымдар қан топтарының саны төртпен шектелмейтінін алға тартып отыр.
«Күншығыс елінің» ғалымдары бүгінде кем дегенде төрт түрлі қан тобынан бөлек, тағы екі түрлі қан тобы барын хабарлауда. Ол қан топтарына сандық атау емес, ат беріп, «Junior» және «Langereis» деп отыр.
Жапондық ғалымдардың жаңалығы өздерін де таңдандырған. Олар зерттеу барысында жаңа қан топтары бұрыннан мәлім қан топтарынан едеәуір айырмашылығы барына көз жеткізген. Нәтижесінде жаңа қан тобының пайда болуына «Фукусима-1» атом электр станциясындағы ірі жарылыстың әсері болуы мүмкін екенін айтуда. Радиация адамның қанына әсер еткен деген қорытындыға келген.
Бірқатар ғалымдар жаңа қан тобының пайда болуын қалыпты құбылыс ретінде бағалауда. Уақыт өте келе биологиялық өзгеріс пен даму негізінде жаңа қан тобы түзілетінін алға тартады. Олар алдағы 100 жылда қан тобының саны 15-ке дейін жетуі мүмкін екенін де болжап отыр.
Айта кетейік, аталған екі қан тобы барын Вермонт университетінің мамандары осыдан бірнеше жыл бұрын хабарлаған еді. Алайда олар өз зерттеулерін толықтай аяқтамаған-ды.