Жапон ғалымдары тіс өсірудің жаңа технологиясын ойлап тапты. Жаңа технология тісі адамға ұқсас тышқандар мен сасықкүзендерде сыналды.
Емдеу әдісі жаңа тістерді өсіруге мәжбүр ететін моноклоналды антиденелерге негізделген.
Зерттеулер көрсеткендей, USAG-1 генін блоктау сүйек морфогенетикалық ақуыздың белсенділігін арттырады. Бұл молекулалар дене мүшелері мен ұлпаларының өсуін реттеуге жауап береді.
Бұл ақуыздың белсенділігіне араласу елеулі жанама әсерлер тудыруы мүмкін. Алайда зерттеушілер USAG-1-дің сүйек морфогенетикалық ақуызбен өзара әрекеттесуін өзгерткен бірқатар моноклоналды антиденелерді зерттеп, жанама әсерлер тудырмайтын антиденелерді анықтады.
"Біздің келесі жоспарымыз – антиденелерді басқа жануарларға, мысалы, ит пен шошқаға тәжірибе жасап тексеру", - дейді ғалымдар.