Жанжабіл иммунитетіңізді қатайтып, ас қорыту жолдарыңызды жақсартатын және түрлі ауруға қарсы күресетін өсімдік түрі. Оның құрамына ерекше дәм беріп, хош иістендіретін джинжерол, зингерон, шогаол секілді бірнеше эфир майының түрі кіреді. Ал бұл майлар бактерияға, вирусқа және қышымаға қарсы белсенді күреседі. Сонымен қатар жанжабілдің тамыры да иммунитетіңізді әлсіретпей, булығу, жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алады.
1. Жанжабіл өсімдігі басыңыз ауырғанда, салқын тигенде, тұмауға шалдыққанда, тіпті бұлшықеттеріңіз ауырған жағдайда да көп көмегін тигізеді. Бұл өсімдіктің құрамындағы пайдалы заттар денеңіздің ауырып, сырқырауына жол бермейді.
2. Жанжабілді күнделікті тұтынсаңыз иммундық жүйеңізге де әсер етеді. Өйткені оның құрамында иммунитетіңізді қатайтып, көптеген індетке қарсы күресетін антиоксиданттар бар.
3. Бір стақан жанжабіл шайының өзі ми қан айналысының бұзылу қаупінен сақтайды.
4. Сонымен қоса жанжабіл қан айналым жүйесіне де пайдасы мол. Ол сіздің ағзаңызды дәрумендер мен минералдарға байытады.
5. Жанжабіл шайы тұмауды шақыратын вирустарды өлтіреді.
Ендеше, бұл шайды қалай дайындау керектігін ұсынамыз.
Ол үшін сізге:
- 1 стақан су;
- ¼ шай қасық үгітілген жанжабіл;
- ¼ шай қасық куркума;
- бал қажет.
Дайындау жолы:
Суды қайнатып, оған жанжабіл мен куркуманы қосыңыз. Жақсылап араластырып, 10 минутқа қалдырыңыз. Кейін бал қоссаңыз болды. Сусыныңыз дайын. Жанжабілден шай жасап ішуді әдетке айналдырыңыз. Сонда әрдайым өзіңізді сергек сезініп, ауру атаулыны есіңізге де алмайсыз. Бұл өсімдіктің пайдасы туралы достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз.