- Негізгі бет
- Денсаулық
- Жаңалық: Рак ауруын...
Жаңалық: Рак ауруын алтынмен емдеуге болады
Эдинбург университетінің биологтары химиотерапияның жаңа инновациялық түрін ойлап тапты. Бұл әдіс бойынша алтынның атомдары немесе нанобөлшектері ауру жасушаларды ішінен жоюға қауқарлы болады.
"Біз алтынның бұрын-соңды белгісіз болып келген қасиеттерін анықтадық. Бұл металды химиятерапия процедурасын ісіктің ішінде жасауға пайдалануға болады. Ал, алдағы уақытта алтынды ісіктің ішіне енгізетін құрылғылар жасалады ", - дейді профессор Асир Унчити-Брочета.
Зерттеу барысында қарапайым химиотерапияға қарағанда, алтын арқылы емдеу рак жасушаларын көбірек өлтіретіні белгілі болды. Бір жақсысы, ол ісіктің жанындағы сау жасушаларға еш зиянын тигізбейді екен.
Әзірге биологтар не жануарларға, не еріктілерге ешқандай тәжірибе жасап үлгермеді. Десе де, бұл қатерлі ісікті емдеудің бір жолы, әдісі ретінде барша адамзат үшін қуанарлық жайт. Сондай-ақ, аталған әдіс арқылы ми қатерлі ісігін де емдеуге болады. Өйткені, алтынды бас сүйегі арқылы енгізу нерв жасушаларына еш зиянын тигізбейді.
А. Оралқызы