Жалғыздық психологиялық проблемаларға әкеліп соғуы мүмкін

Жалғыздық психологиялық проблемаларға әкеліп соғуы мүмкін
Фото: freepik.com

Жалғыз өмір сүретін адамдар жасына немесе жынысына қарамастан психикалық ауытқуға ұшырап жатады. Бұл пікірді Версаль Сен-Кантен-ан-Ивелин университетінің ғалымдары жасаған, деп хабарлайды PLOS ONE журналы.

Соңғы жылдары дүние жүзі бойынша халық арасында кәрі адам санының артуы, некелесу жиілігінің азаюы және бала туудың төмендеуі сияқты факторларға жалғыз өмір сүретін адамдардың көбеюі келіп қосылды. Бұрынғы зерттеулерде, адамдардың қартайғандықтан жалғыз қалып, психикалық жағынан нашарлауы секілді жайттар тіркелетін. Жаңа ғылыми мәліметтер бойынша, жастар арасында да осындай жайттар орын алып жатыр.

Ғалымдар 1993, 2000, 2007 жылдары ұлттық психикалық денсаулық зерттеулеріне қатысқан 16 жастан 64 жасқа дейінгі Ұлыбританиядағы 20 500 адамнан алынған ақпаратты пайдаланды. Психиатриялық аурудың деңгейі туралы қорытындылар сауалнаманың нәтижелеріне негізделді, оған қатысушылар өздерінің белгілі бір уақыт кезеңінде байқаған қандай да бір невротикалық белгілерін атап өтуді сұрады. Әлеуметтік ерекшеліктер туралы ақпаратқа қоса, артық салмақ, темекі шегу, алкогольге тәуелдік, есірткіні пайдалану және әлеуметтік қолдаудың жоқтығы немесе болмауы сияқты факторлар ескерілді.

Зерттеулер бойынша, 1993, 2000 және 2007 жылдары жалғыз тұратын адамдар 8,8%, 9,8% және 10,7% құраған. Олардың арасында жалпы психикалық ауытулар 14,1%, 16,3% және 16,4% деңгейінде анықталған. Ғалымдардың айтуынша, ересек адамдардың басым бөлігі зейнеткерлер. Әртүрлі кіші топтарда тұратын жалғызбастылар психикалық ауытқулардың даму қаупі 1,39-2,43 есе артқан. Жалпы бұл көрсеткіш 84%-ті құраған.

"Біздің талдауымыздың нәтижесі бойынша, психикалық ауытқулардың пайда болу қаупі қалыптасқан бірыңғай өмір салтына тікелей байланысты деп қорытынды жасауға болады", - деді зерттеудің жетекшісі Луи Жакоб.

Ғалымдардың пікірінше, арнайы бағдарламалар жасалып, әлеуметтік жағынан оқшауланған адамдарға уақытылы көмек көрсетілсе және психикалық жағынан қолдау берілсе, мұндай проблемаларды болдырмауға мүмкіндік туады дейді. Сонда ғана халық арасындағы осал топтарының өмір сүру сапасы жақсарады.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры

Massaget