Жақсы жатып, жайлы тұру үшін...

Ауыр күннен соң шаршап тұрсақ та, ұйықтай алмай жататын кездер болады. Мұндай жағдайда ыстық шай ішу керек. Назарларыңызға жақсы ұйықтауға көмектесетін шайдың 5 түрін ұсынамыз:

Түймедақ шайы

Сүтті сусындарды ұнатпайтын адамдар түймедақ шайын жасап, ішуіне болады. Ұйықтауға 30 минуттай уақыт қалғанда түймедақ шайын ішіп алыңыз.

Какао

Какао, су, дәмдеуіштерді ең алғаш рет Майя өркениеті қолданған еді. Какао дайындап, ұйықтар алдында ішіп жатыңыз. Мөлшері бір стақаннан аспағаны жөн.

Жылы сүт

Жылы сүттің әсері ұйықтатқыш дәрімен тең. Сүттің құрамында триптофан аминоқышқылы мен кальций бар. Триптофан ағзаны тыныштандыратын қызметке ие.

Жалбыз шайы

Жалбыз денені босаңсытып, жүйкені тыныштандыратын қасиетке ие. Сондай-ақ жүрек айнуды да басатын дәрмектің бірі. Бұл шай әрі пайдалы әрі өте дәмді.

Ыстық шоколад

Ыстық шоколадты какаомен жиі шатастырады. Алайда ыстық шоколад какаоға қарағанда әлдеқайда қою болып келеді. Себебі оның құрамында какао майы, какао ұнтағы бар. Бұл ең тәтті сусындардың бірі саналады.

Сурет: lookw.ru

Ұқсас жазба:

Ұйқы ашатын коктейль