Ішімдік пен темекінің жаман әдет екенін бәрі біледі. Ал жақсы әдеттер ше? Қандай әдеттер ағзамыз бен көңілімізге жағымды әсер бере алады? Мына кеңестерді оқып, оларды әдетке айналдырсаңыздар, жаныңыз бен тәніңіз сізге рақметін айтары сөзсіз...
Күнде бір уақытта оянып, бір уақытта ұйқыға жатыңыз. Таңғы ас, түскі ас пен кешкі асты күнде бір уақытта ішіңіз. Кем дегенде 6-7 сағат ұйықтаңыз. Ұйықтамас бұрын, далаға шығып, таза ауамен демалып қайтыңыз. Күніне 1,5 литрден артық су ішіңіз. Күнде көкөніс, жеміс-жидектер жеуге тырысыңыз. Ұйықтар алдында бір стақан айран ішіңіз. Аяғыңызды суық сумен шайып тұрыңыз. Теледидарды күніне бір сағаттан артық қарамаңыз. Бетке арналған маскаларды үйде табиғи заттардан жасап қолданыңыз. Өзіңіздің әр күніңізді суретке түсіріңіз. Сіз күнде өзгересіз. Таңмен жүгіріңіз. Жаттығулар жасап, денеңізді шынықтырыңыз. Жиі күлімсіреңіз. Күнде шет тілінің бірнеше сөзін үйреніңіз. Өз бөлмеңізді, не үйіңізді күнде жинастырып жүріңіз. Керек емес қоқысты лақтырып, бөлме гүлдерін суарыңыз. Бетіңізді мұздатылған шөп қайнатпаларымен сүртіп отырыңыз. Фаст-фудқа жоқ деңіз! Жұмыс барысында шаршасаңыз, жақсы әуен қосып, 5 минут бойы ештеңе істемей, тек демалыңыз. Күнде жаңа бірдеңе білуге тырысыңыз. Кітап оқыңыз. Күнде 10-15 беттен оқып тастауға тырысыңыз. Ата-анаңызға күнделікті уақыт бөліңіз. Қоңырау шалып, қалдарын сұрап, әңгіме-дүкен құрыңыз. Адамдарға комплименттер мен жандарына жылы тиетін сөздерді айтыңыз. Қыстырма сөздер мен дөрекі сөздерден арылыңыз. Күніне бір рет мейірімді іс жасаңыз. Өзіңізді күтіңіз: пилинг, маска, маникюр жасап, денеңізді қуантыңыз. Баттасқан косметикадан бас тартыңыз. Көктем шыққанда, жеңіл-желпі боянып, теріңіздің дем алуына мүмкіндік беріңіз. Сізді шабыттандыратын, жанды тебірентетін өлең шумақтарын жаттаңыз. Түзу жүріңіз. Сәттіліктеріңіздің күнделігін ашыңыз. Ақшаңызды үнемдей бастаңыз. Өзіңізге жаңа қызуғышылықтар ашып, сонымен айналысыңыз. Тек жақсы ой ойлаңыз - бәрі де ойдағыдай болады!Сурет: w2w.com.ua