1. Көбірек су ішіңіз.
Сілекей ауыз қуысыңызды түрлі бактериядан қорғайды. Ал ауызыңыз құрғап қалса, микробтар белсенді көбейеді. Сондықтан күнделікті өмірде суды көп ішуге тырысыңыз.
2. Дұрыс тамақтаныңыз.
Құрамында С дәрумені бар жеміс-жидектерді көбірек жеңіз. Мысалы алма мен сәбіз тамақтанғаннан соң ауыз қуысын жақсы тазалап, бактериялармен белсенді күреседі. Сонымен қатар цитрустік жемістердің де пайдасы мол.
3. Көк шай ішіңіз.
Көк шайдың антибактериялық қасиеттері болғандықтан, аузыңыздағы жағымсыз иістерден құтылуға көмектеседі. Оның үстіне даршын мен жанжабіл қоссаңыз, тынысыңызды ашады.
4. Тіс щеткасы мен тіс жібін жүйелі түрде қолданыңыз.
Тісіңізді таңертең және кешке кем дегенде 3 минут тазалауыңыз керек. Әр тамақ ішкен сайын тіс жібін қолданыңыз. Өйткені тамақ көбіне тістердің арасына тұрып қалады.
5. Тіліңізді тазалауды да ұмытпаңыз.
Тісіңізді тазалаған сайын, тіліңізді де тазалап тұруыңыз қажет. Ауыз қуысындағы бактериялардың басым көпшілігі сонда орналасады.
6. Тамақтан соң аузыңызды шайыңыз.
Егер тамақтанып болған соң тіс жібімен тазалауға мүмкіндік болмаса, онда міндетті түрде аузыңызды сумен шайыңыз. Жылы суға аздап ас содасын қосып шайсаңыз да болады. Ол ерекше антибактериальды әсер береді.
7. Қантсыз сағыз шайнаңыз.
Егер жолда жүрсеңіз жағымсыз иістен құтылудың бір жолы - сағыз. Бірақ ол бактериялардың алдын алмайды. Тек аз ғана уақыт жағымсыз иіске қарсы төтеп береді.
8. Сергітуші-спрей қолданыңыз.
Сергітуші-спрей қызыл иекті емдеп, бактериялармен күреседі.
9. Темекіні тастаңыз.
Темекі шегетін адамдардың ауызынан жағымсыз иіс шығатынын білесіздер. Осының кесірінен әртүрлі ауруларға шалдығу мүмкін. Аулық болыңыз.
10. Тіс дәрігеріне барыңыз.
Жоғарыда айтылған ережелердің бәрін жасап жүріп, аузыңыздан жағымсыз иіс шығуы қоймаса, онда сізге міндетті түрде тіс дәрігеріне бару керек.
Сурет: keenkorea.tistory.com
Оқи отырыңыз:
Буындарыңыз ауырып жүр ме?
Ғалымдар тұмаудың қалай жұғатынын анықтады
Есте сақтау қабілетін жақсартатын тағамдар
Көп ұйықтаудың зиянды тұстары