Жағажайда сұлулық пен денсаулық бар

Жағажайға бару – сұлулықпен де, денсаулықпен де достасу деген сөз. Себебі, ғалымдар теңіз суы мен қан плазмасының құрамы өте ұқсас келетіндігін айтып отыр, яғни теңізге шомылу сіздің ағзаңызға оң әсерін береді. Теңіз суы ғана емес, құм мен теңіз ауасы да ғажайыптар жасай алады. Бұл туралы толығырақ бүгінгі жазбамызда баяндалатын болады.

Тұздан қорықпаңыз

Теңізде жүзіп шыққаннан кейін бірден душ қабылдауға асықпаңыз. Денеде қалып қойған тұз деген ғанибет нәрсе, тек сізді тітіркендірмесе болғаны. Ол теріні минералдармен қоректендіреді. Тұз теріне құрғатып жібереді деу де жаңсақ пікір. Бұл су тамшыларының күнге шағылысуынан болады. Сондықтан да, денені құрғақ сүлгімен сүртіп, 2-3 сағаттан кейін ғана душ қабылдау қажет.

Таңертең жүзіңіз

Толқындар – буындарған арналған "жаттығу құрылғысы" және бұлшық еттер мен теріні сергітетін табиғи гидромассажды ванна. 30 минут бойы жүзу бір массаж қабылдағанмен тең, 100 метр жүзу барысында көптеген каллориялар жойылады (бір шақырым жүгірумен де алмастыра аламыз). Оның үстіне жүзу арқылы бұлшық еттерді жаттықтыруға болады.

Псаммотерапияны байқап көріңіз

Псаммотерапия – бұл құм ваннасы. Жылы құмды қазыңыз да күмп етіп ене кетіңіз (жүрек аймағын көмуге болмайды). Бұл қызықты ермек қана емес, өте пайдалы рәсім. Басыңызды дымқыл сүлгімен көмкеріңіз де, 5 минут бойы жатыңыз. Псаммотерапия барысында зат алмасу үдерісі белсендірек бола түседі.

Тереңірек демалыңыз

Теңіз ауасы тұз бен балдыр фитонцидтеріне бай келеді. Сондықтан оны "теріге арналған ингаляция" деп атап жатады. Ол теріге икемділік беріп, нәрлендіреді. Жағалаудағы ауа өте пайдалы және құрамындағы йод мықты иммунитет қалыптастырып, жүйке жүйесін жақсартады.

Жалаң аяқ серуендеңіз


Теңіз толқынының шарпынын бойлай серуендеңіз. Суды жалаң аяқ басып жүрген (тобыққа дейін жету керек) өте пайдалы. Құмды-сулы массаж тоқ массажының әсерімен теңесе алады. Теңіз суынан нәр алған табандағы биологиялық белсенді нүктелер ішкі ағзалардың жұмысын жақсартады.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: pw5.ru