Ауру - адамның бағытынан ауып бара жатқанын білдіретін белгі. Ауру әр түрлі функцияларды атқарады. Біріншісі - ескерту, екіншісі - адамның дұрыс дамуына мүмкіндік бермейтін істі тоқтату, үшіншісі - теріс хабарламаны таратуға жағдай жасайтын тетікті жою.
"Дөрекіге шаттық тән, нәзік жанға қайғы үйір" - дейді Есенин. Адамды ауру ететін үш бастау бар...
* * *
1. Тән кеселі. Ол - ауыртпалықтың артып кетуінен, температуралық режимнің бұзылуынан, дұрыс тамақтанбаудан, жұмыс пен демалыстың орынды алмасып тұрмауынан болады;
2. Жан кеселі. Ол - сезімталдықтан, өкпешілдіктен және де көз тию, қарғыс секілді сыртқы әсерден болады.
3. Рух кеселі. Ол - адамның бойында теріс пиғылдың көбеюінен болады.
Осы үшеуін де болдырмауға тырысу керек.
Өмір бақи біз екі қатерлі күштің қарамағында боламыз: біреуі өлім, екіншісі - адамдардың пікірі. Зерттеушілер адамның дені сау жүруінің үш негізін белгілейді:
1) таза ауамен тыныс алу мен спорттық жаттығулар;
2) экологиялық таза тамақ.
3) Тұрақты түрде медициналық тексерістен өтіп тұру.
Уайымшыл, еңсесі езілген адамның энергетикасы аз.
* * *
Егер адам көбірек сынап-мінесе, нашар ойласа басы ауырады, егер біреуді ренжітсе немесе біреуден ренжу көрсе - жүрегі; туыстарына, өзіне, жағдайға жиі ренжісе - асқазаны ауырады. Төңірекке наразылық, өзінің өміріне өкіну, жағдайды ұдайы қабылдамау өте терең реніш туғызады да, ол өкпенің қатерлі ісігіне алып келеді.
Адамның басы немесе басына біткен бір мүшесі ауырса, ол - жек көруден, қызғаныштан, күншілдіктен, кеуде тұсы ауырса - өкпелеуден, одан төменгі жағы ауырса, өзінің немесе өзгенің махаббатын тұншықтырғаннан.
Юлий Цезарь кеселдер мен бас ауруына мынадай емдер қолданған: қиын жорықтар, қарапайым өмір сүру тәсілі, таза ауада ұдайы жүру, еңбекке бас қою. Осының бәрі ағзаның әлісеруіне мүмкіндік бермейді.
* * *
Барлық жаман нәрселерді екі түрлі жолмен емдеуге болады: біріншісі - уақыт, екіншісі - үндемеу. "Өткенге қарап басыңды и, ертеңге қарап білегіңді сыбан" деген.
Автор: Әкежан Дәкен
сурет: fb.ru