Егер осы мақалаға көңіл бөлсеңіз, қандай да бір дәрежеде интернетке тәуелдісіз деген сөз. Компьютер, не ноутбугыңызды көре қалған жағдайда «Поштамды тексере салайыншы» деп кіріп, кейін бірнеше сайттарды аралау мен чатта сөйлесу арқылы көп уақытыңызды сарп еткеніңізді сезбей де қаласыз. Сөйтіп, көп уақытыңыз өзіңізге кері жұмыс істеп, интернет денсаулығыңызға да кері әсер етеді.
Интернет тәуелділіктен арылуды сол пошта тексеруге арнайы уақыт тағайындаудан бастау керек. Арнайы уақыт тағайындаңыз да сол ережеден ауытқымаңыз.
Өзіңізге жаңа қызығушылық не хобби ашыңыз. Түрлі қауымдастықтар мен клубтарға барыңыз, спорт, музыка, би, ән айтумен және т.б. шұғылданыңыз. Досыңызы ертіп дене шынықтырумен айналысыңыз. Кинотеатрға, концертке барыңыз, кітап оқыңыз. Жалпы интернеттің орнын баса алатын бір қызығушылық табыңыз.
Білім деңгейіңізді көтеріңіз. Үйіңізде бұрыннан оқығыңыз келіп жүрген кітаптар бар шығар. Соларды оқуға кірісіңіз. Википедияның орнына энциклопедия оқыңыз. Осылайша интернеттен алшақтап қана қоймай, өз біліміңізді де жетілдіресіз.
Ас үйге көңіл бөліңіз. Чатта не болмаса форумда отырудың орнына анаңызға кешкі ас дайындауға көмектессеңіз, үйдегілердің бәрі қуанып қалары сөзсіз.
Достарыңызбен қыдырыңыз. Боулингке, сауда орталығына, сырғанаққа баруды жоспарлап, қыдырыңыз. Интернет қолжетімді жерлерге барудан бас тартыңыз, мысалы, интернет-кафеге.
Отбасылық кеш ұйымдастырыңыз. Мысалы, күнделікті теледидарға не мониторға телміргенше, кешкі астан кейін жиналып, үстел ойындарын ұйымдастырып, ойнаңыздар.
Компьютерде отыру уақытын шектеңіз. Күніне осынша сағаттан осыншаға дейін отырамын деп арнайы уақыт тағайындаңыз. Аптасына қанша рет шығу керектігіне де кесте жасаңыз. Егер жұмысыңызды аяқтасаңыз, тез шығып кетуге тырысыңыз.
Достарыңызбен интернет арқылы сөйлескенше, кездесіп әңгімелесуге тырысыңыз. Әлеуметтік желілерге көп уақыт бөлмеуге тырысыңыз.
Таймер қолданыңыз. Компьютерге отырарда таймерді 30 минутқа қойып қойыңыз. Сигнал компьютер алдында қанша уақыт отырғаныңыз жайлы хабар беріп отырады.
Компьютер алдында тамақ жемеңіз. Ас үйге барып, тамақ ішу онлайн режимнен біраз уақытқа болса да босатады.
Сурет: doctor.kz