- Негізгі бет
- Денсаулық
- Инсультке әкелетін 4...
Инсультке әкелетін 4 әдет
Мидың тамырлы аурулары (соның ішінде, инсульт) әлем бойынша өлім-жітім себептерінің арасында екінші орын алып тұр. Кең тараған зиянды әдеттер мұндай аурулардың қаупін арттырады. Қандай әдеттер инсульт мүмкіншілігін арттыратынын ұсынамыз.
Артық тамақтану
Артық тамақтану жиі артық салмаққа және семіздікке апарады. Семіздік — диабет пен жоғары қан қысымының негізгі факторы. Ал бұл шарттар инсульт қаупін арттырады. Сондай-ақ семіздік холестериннің және триглицеридтің (қандағы майлар) жоғары деңгейімен байланысты. Бұл жүрек-қан тамырлар ауруларының пайда болу мүмкіндігін арттырады.
Қысымды тексермеу
Қан қысымының артуы (гипертония) — инсульт себебінің негізгі себептерінің бірі. Адамдардың көпшілігі өзінде гипертония бар екенін білмейді. Себебі оны сезе бермейді. Ол адамды ауыртпайды. Сондықтан адамдар жүйелі түрде өз қысымдарын тексеріп тұруын пайдалы әдетке айналдыруы керек.
Ішімдікке салыну
Алкогольдің инсульт қаупімен байланысы бұрыннан таныс. Ол көптеген зерттеулермен дәлелденді.
Құрамында холестерин деңгейі жоғары өнімдерді көп жеу
Оларға қызыл ет, трнасмайлары бар өнімдер (фастфуд), пальма майы, сүтті өнімдер және тәттілер жатады. Егер сіз зиянды холестерині бар тамақты көп жесеңіз, ол қанда жиналып, артерияда түзілімдер (түйіншек) пайда болуына әкеледі. Ал олар, өз кезегінде, инсультке апарады. Оның алдын алу үшін жүйелі түрде қандағы холестерин деңгейін тексертіп, рациондағы қауіпті өнімдер мөлшерін азайту керек.
А. Жапатова