Осы жылы АҚШ ғалымдары таблетка түріндегі инсулинді жануарларға сынағандығы туралы хабарлама шықты. Егуді таблетка түріне ауыстыру мәселесі бұрыннан қозғалып келеді. Себебі ол диабеті бар адамдардың өмірін біраз жеңілдетер еді. Ал қазір табысқа жетуге бірнеше қадам ғана қалды. Инсулин ұйқы безі бөлетін гормон. Оның басты мақсаты қандағы глюкоза мөлшерін азайту. Инсулин әрекетінің арқасында жасушалар глюкозаны ары қарай қолдану үшін жұтып алады, ал глюкозаның бір бөлігі майға айналады. Егер ағзада инсулин аз бөлінсе, қант диабетінің I типі болады. Бұл ауруы бар науқастар өмір бойы егілу керек болады. Инсулинді қайдан алады? Бұрын сиырлардың инсулинін қолданатын. Ол адам инсулинімен бірдей болмағанымен, ұқсас болып келді. Содан соң бактериялар көмегімен адам гормонына синтез жасап үйренді. Алайда, ол мәселені толықтай шешпейді. Себебі, жалпы егілудің өзі көпшілік науқасты қорқытады. Әсіресе, кішкентай балаларды күнде егу қиын. Ал инсулинді қабылдауды жіберіп алса, қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Өз кезегінде, инсулиннің мөлшерін дұрыс есептемеу немесе диетаны бұзу қант деңгейінің төмендеуіне әкеліп, кома шақыруы мүмкін. Инсулиннің таблетка түрі шықса, осындай проблемалардың біразынан арылуға көмектесер еді. Бірақ ең қиыны, 100% тиімді дәрі әлі күнге дейін өндірістен шыққан жоқ. Оның басты себебі: Қалыпты жағдайда инсулин ағзада ұйқы безі арқылы қанға түседі. Егер адам таблетка ішсе, ол қанға түспес бұрын асқазан мен ішектен өту керек. - Асқазандағы тұзды қышқыл ақуызды (инсулин ақуызды молекула) жарамсыз етеді, бұзады. - Ішектер ферменті инсулинді аминқышқылдарына дейін бөліп жібереді; - Ішек бүрлері инсулин секілді ірі молекулаларды сіңіре алмайды. Америкалық ғалымдар бұл айтылған кедергілерді жеңу үшін инсулин молекуласын қаптаудың әдісін ойлап тапты. Біріншіден, олар асқазан қышқылына қарсы тұра алатын арнайы капсула қолданады. Екіншіден, таблеткадағы инсулин ерекше ионды сұйықтықпен байланысты. Сол сұйықтық молекуланы қорғайды, оның бүрлерден өтуіне көмектеседі. Жалпы ион сұйықтығы дәрінің ағзаға ену деңгейін жоғарылатады. Бұл сұрақтың келешегі бар Инсулиннің таблетка түрін егеуқұйрықтарға тексерген. Ғалымдар дәріні қолдану қауіпсіз деп отыр. Таблетканың тағы бір қосымша артықшылығы дәріні өңдеудің арзандығы. Ресей ғалымдары инсулин таблеткасының өз нұсқасын өндірді. Ол жоғарыда айтылғандай әсер етеді, бірақ ион сұйықтығының орнына ерекше гидрогель қолданылады. Оның басты мақсаты инсулин молекуласын ішекке түсіп, сіңірілгенше оны қорғау. Осыдан көретініміз, таблетка түріндегі инсулиннің шығуы бірнеше жылдың сұрағы. Қант диабеті ауруын алдын алу үшін не істеу керектігін оқыңыз.