Қолдың жиі былғанатыны белгілі. Түрлі инфекция, микроб пен вирустар жұғып қалуы мүмкін. Оны кетіру үшін қолды жуған абзал. Мамандардың айтуынша, қолды кем дегенде 20 секунд жуған жөн екен.
Қолын жиі жуып жүрген адам жұқпалы ауруларға көп шалдықпайды. Қол жуу – инфекциялық аурудан сақтанудың бірден-бір жолы. Әсіресе, коронавирус шақырған пандемия тұсында таза жүру, қол гигиенасын ұстану аса маңызды.
Ал Physics of Fluids журналында жарияланған зерттеуде қолды кем дегенде 20 секунд жуу қажет екені айтылған. Саусақтың арасын ашып, салалап, ағынды сумен жуған жөн көрінеді. Шүмектен қатты аққан су вирус пен микробтың қалдығын жылдам ағызып кетеді.
Саусақты шая салған немесе дұрыс ысқыламаған жағдайда, қолдан вирус бөлшектері кете қоймайды.
Мамандардың айтуынша, патогенді бөлшектерді толық шайып жіберу үшін 20 секунд бойы қолды жақсылап ысқылап жуған дұрыс көрінеді.