Өзіңіздің иммунитетіңіздің қандай деңгейде екенін біліп, иммунолог маманның көмегіне жүгіну керек пе? Осыны білу үшін сіздерге иммунитетті тексеретін тест ұсынамыз. Барлық сұрақтарға ИӘ немесе ЖОҚ деп жауап беріп, соңында қанша ұпай жинағаныңызды санау қажет.
1. Үнемі спортпен айналысасызба?
2. Суық кезде тез тоңып, аяқ-қолыңыз үнемі салқын болып жүре ме?
3. Стресспен белсенді күресіп, кез келген нәрсеге ренжи берессіз бе?
4. Жылына 4 рет суықтап ауырасыз ба?
5. Кез келген ауруда дәрі-дәрімек пайдаланасызба?
6. Күнделікті рационыңызға жеміс-жидек және көкөніс, ал көктемде және қыста дәрумендер қабылдайсыз ба?
7. Сіздің достарыңыз көп және адамдармен жақсы араласасыз ба?
8. Сіз отбасыңыздың өміріне қанағаттанасыз ба?
9. Таза ауада тұрақты түрде серуендейсіз бе?
10. Сіз шылым шегесіз бе?
11. Кейде көңіл күйге байланысты жақсы шарап ішесіз бе?
12. Тұрғылықты мекен-жайыңыз қайда (қала, ауыл)?
13. Дене пішініңізді қадағалайсыз ба?
14. Қоғамдық көлікті жиі пайдаланасыз ба?
15. Жұмыс істейтін ұжымыңыз үлкен бе?
16. Бір күнде 1,5 литр су ішесіз бе?
17. Жылы бөлмеде көп уақыт тұра аласыз ба?
18. Ауыр және жүйкеге салмақ түсіретін жұмыс істейсіз бе? Үй шаруасының барлығы сіздің мойныңызда ма?
19. Монша мен саунаға жиі барып тұрасыз ба?
Енді ұпайды есептеу қажет.
1, 3, 6, 7, 8, 9, 11, 13, 16 осы сұрақтарға ИӘ деп жауап берсеңіз, әрбірін 1 ұпайдан есептеңіз.
2, 4, 5, 10, 12, 14, 15, 17, 18, 19 осы сұрақтарға ЖОҚ деп жауап берсеңіз, әрбірін 1 ұпайдан есептеңіз.
Жинап алынған ұпай саны. Егер сіз:
1-ден 6 ұпайға дейін – сізді иммундық жүйеңіз өте әлсіз. Жиі селқостық байұалып, апатия сезінеді. Ағзаңыздың қорғанысын қалпына келтіру үшін, сізге иммунолог дәрігердің кеңесі қажет.
7-ден 12 ұпайға дейін – сіздің қорғаныс жүйеңізде кемшіліктер бар. Сізге өмір салтыңызбен диетаңызды өзгерту қажет. Таза ауада көбірек серуендеп, дәрумендерге бай тағамдарды жеп, таңертең душ қабылдау қажет. Бұл шағын түзетулер иммундық жүйеңізді нығайтады.
13-тен 18 ұпайға дейін – сіздің иммундық жүйеңіз күшті. Сіз сирек ауырасыз, ауру бола қалса, асқынулары болмай, жеңіл өтіп кетеді. Сіздің күшіңіз көп, және энергияға байсыз. Сіз өз денсаулығыңызға жақсы күтім жасайсыз. Солай жалғастыра беріңіз!
Дереккөз: anabol.kz