Алдағы суық мезгілдерге ағзаны бірден дайындау қажет. Деніңіздің саулығына бүгіннен алаңдамасаңыз, ертең суық тигізген соң кеш болады. Бастысы дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданыңыз. Ас қорыту жүйесін реттеңіз. Ішімдік пен темекіден, сонымен қатар тұзды, майлы, кептірілген тағамдарды азайтыңыз. Жеке гигиеналық тазалықты сақтаңыз. Ең маңыздысы, күліп жүруді ұмытпаңыз. Күйзеліс, депрессиялық жағдайлар да иммунитетті әлсірететінін ғалымдар айтып-ақ келеді.
Иммунитет не үшін төмендейді?
1. Дұрыс тамақтанбау
2. Гиподинамия және жоғары жүктеме
3. Ұйқының дұрыс болмауы
4. Зиянды әдеттер: темекі шегу және ішімдік
5. Нашар экология
Иммунитет әлсіреуінің белгілері:
1. Ісіну, көз астының күлдіреуі
2. Жиі суық тиіп ауыру
3. Өзіңді нашар сезіну, тітіркену, тез шаршау
4. Терінің бөртуі және бозарыңқы болуы
5. Тырнақ пен шаштың нашарлауы
6. Созылмалы аурулардың асқынуы
Иммунитетті қалай нығайту керек?
1. Дұрыс тамақтану
2. Дұрыс ұйқы
3. Физикалық белсенді болу
4. Темекі мен ішімдіктен бас тарту
5. Шынығу
6. Су ішу
7. Таза ауада жаяу серуендеу
8. Күйзеліске жол бермеу