Ағзада холестерин көбейіп кетсе, қан тамырына күш түсіріп, жүрек аурулары пайда болуы мүмкін. Сондықтан қандағы холестериннің мөлшерін білген, оны реттей алған абзал.
Ендеше мамандар айтып жүрген холестеринді азайтудың 5 қарапайым жолын атап өтейік.
Дұрыс тамақтану
Салауатты өмір салтына тән дұрыс тамақтана білу қажет. Өте өңделген, қатты қуырылған, майы көп тағамды шектеу керек. Әсіресе, қанты мен тұзы көп тағамдардан бас тартыңыз. Сұлу жармасы, түйебұршақ, орамжапырақ, алма сынды жасұнығы мол өнімдерді тұтыныңыз. Сүттің сары суы да "жаман" холестеринді ағзадан "айдап шығады". Балық, грек жаңғағы, зығыр дәні сынды Омега-3 қышқылы мол тағамдарды да ұмытпаған жөн.
Ішімдік ішпеу
Денсаулықты бірінші кезекте. Тіпті, кішкене ішкен ішімдіктің өзі қанда "жаман" холестеринді көтеріп жіберуге бар.
Арықтау
Артық салмақ пен семіздің холестеринді көбейтіп жібереді. Әсіресе, қарын тұсқа жиналған майдың зияны көп. Бауырға салмақ түсіреді.
Салауатты өмір салтын ұстанып, салауатты тағам жесеңіз, артық салмақтан оңай арылуға болады. Көкөніс пен жеміс-жидекті көбірек жеңіз. Спортпен айналысыңыз.
Темекі шекпеу
Темекінің түтіні жүрекке зиян. Қан қысымын тудырып, жүрек тұсындағы қан тамырларында холестеринді толтырып тастауы мүмкін. Темекі қойған адамның қанында "жақсы холестерин" көбейіп, "жаман холестериннің" деңгейі түсетінін зерттеулер дәлелдеген. Тіпті, темекіні қойып кетсеңіз, жарты жылдан кейін-ақ нәтиже көресіз.
Қимыл-қозғалыс
Отырып жұмыс істеу мен отыра беру атеросклерозға апарады. Қалай болса да, отыруды азайтыңыз, көбірек жүруге, қимылдауға тырысу ләзім.