- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ғылыми зерттеу: Ауа...
Ғылыми зерттеу: Ауа ластануы адам өмірін 3 жылға қысқартады
Макс Планк атындағы химия зерттеу орталығы ғалымдары ауа ластануы адам өмірін 3 жылға қысқартады деген қорытындыға келді.
Бұған негіз де жоқ емес. Өйткені бір көмірқышқыл газының қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтқанның өзінде адам өмірі 20 айға ұзарады екен.
Мұндай қорытынды ғалымдар тобының осыған дейін жүргізген зерттеулерінің негізінде жасалған. Мысалы олар әлем бойынша жылына 8,8 миллион адам атмосфера ластануы салдарынан өлетінін анықтаған.
Орта есеппен адам өмірі шылым шегу салдарынан 2,2 жылға қысқарса, террор — 0,3, АИВ/ЖИТС — 0,7, өзге аурулар — 0,6, ал лас ауа әсері 2,9 жылды құрайды.
Нәтиже әлем бойынша біркелкі емес. Шығыс Азия елдерінде ауа ластануынан жылына 2,4 миллион адам көз жұмса, Африкада бұл көрсеткіш 230 000 адамға тең.
Т. Раушанұлы