1. Гүлшетен майы есте сақтау қабілетіне жауапты ми клеткаларына керемет әсер етеді. Оның хош иісі оқымыстылардың, кеңсе қызметкерлерінің, тіпті студенттердің де ең сүйікті иісі болған. Себебі ол күнтізбелік кесте мен адамдардың есімдерін, сонымен қатар шетел сөздерін есте сақтауға өте пайдалы.
2. Гүлшетен сергітетін хош иістер құрамына кіреді және афродизиак болып табылады.
3. Ағзаның иммундық белсенділігін арттырады.
4. Ас қорыту жолдарын да жақсартады. Ісіп қызару процесіне қарсы күреседі.
5. Тыныс алу жолдарына қатысты мәселелер туындаған кезде де қолданылады. Жөтел ауруын бірден жоқ қылады.
6. Жүрек бұлшықетінің және қанайналым жүйесінің жұмыстарын қалыпқа келтіреді. Оған қоса артериялық қысымды да реттейді. Қан құрамындағы холестирин мөлшерін азайтып, антисклеротикалық қызмет атқарады.
7. Табиғи анальгетик секілді әсер етеді. Оны белгілі бір оқиғадан кейін болатын бас ауруы кезінде маңдайыңыз бен мойныңызға жағып жатқаныңыз дұрыс. Массаж алғанда да арнайы иісмайлардың орнына пайдалансаңыз болады.
8. Ағзаңыздың қорғаныш күшін одан сайын арттыра түседі.
9. Екіқабат әйелдерді жүрек айнып, лоқсудан сақтайды. Бірақ бір ескерте кететін жайт, 5 тамшыдан артық тұтынуға болмайды.
10. Вегето-тамырлы дистониядан емделуге ерекше әсер етеді. Оның көмегімен ми қанайналымын реттеп, көз астындағы ісіктен құтылуға және көздің көруін жақсартуға болады. Басыңыз айналып, тайып жығылсаңыз да гүлшетенді қолдану керектігін ұмытпаңыз.
11. Өз-өзіңізге деген сенімсіздіктен, қорқыныш, үрейден, орынсыз ұяла беруден арылтады. Бұл майды тұтыну арқылы күйзелісті ұмытып, көңіл-күйіңізді көтеріңкі ұстайсыз, психологиялық проблемалардан да аулақ боласыз.
12. Ауыр жаттығудан кейін де пайдаланған жөн. Өйткені бұлшықеттеріңіздің шаршағанын басады. Гүлшетен майының көмегімен созылмалы жаттығуларды оңай жасайсыз.