- Негізгі бет
- Денсаулық
- Грузияда маймыл шешегінің...
Грузияда маймыл шешегінің алғашқы жағдайы анықталды
Грузияда маймыл шешегінің алғашқы жағдайы анықталды, - деп хабарлайды Sputnik Грузия басылымы
Басылым мәліметінше, маймыл шешегі ер адам Еуропадан оралғаннан кейін анықталған. Мамандар науқаспен байланыста болғандардың барлығын қадағалап жатыр, әзірше ешбір адамда клиникалық белгі анықталмаған.
Науқаста вирустың жеңіл түрі болған, тиісті ем-домнан кейін ол ауруханадан шығарылды.
Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұған дейін 39 елде маймыл шешегінің 1600-ден астам расталған жағдайы және 1500-ге жуық күдікті жағдайы бар деп мәлімдеген.
Г. Досымшалова