Қандағы гемоглобин үшін қан құрамындағы эритроциттер жауап береді. Егер лейкоциттердің саны артып кетсе, ол эритроциттерді басып, оның азаюына әкеп соғады. Мұндай жағдайға көп мөлшерде қан кеткенде немесе суық тиіп, созылмалы аурулардан кейін ұшырайды. Гемоглобиннің төмендеуін бет-жүздің бозарғанынан және әлсіздіктен байқауға болады. Темір, фоли қышқылы мен С дәруменін көп жесеңіз, гемоглобин қалпына келеді.
Таза ауаға жиі шығыңыз, саябақта, қала сыртында, далада жиі серуендеңіз. Қанға оттегі қажет! Адам ағзасында барлық минералдар мен дәрумендер бір-бірімен байланысты. Егер біреуі жетіспесе, екіншісінің сіңуі екіталай. Темірдің жақсы сіңуі үшін В тобындағы дәрумендер мен (дәнді дақылдар) ішкі секреция бездерінің жұмысы жақсы болуы қажет.
Кеңестер мен ескертулер:
Гемоглобиннің қалпына келу процесі тез болмайды, әдетте жақсы нәтижеге жету үшін 3 айдай уақыт қажет. Егер гемоглобин қалыпты жағдайдан өте қатты түсіп кетсе (дәрігер тексерісінен кейін) дәрігер жазып берген темір көбейтетін арнайы препараттарды қабылдаңыз. Сонымен қатар, шай мен кофе (және соған ұқсас ішімдіктер) темірдің сіңірілуіне кедергі болатынын ұмытпаңыз. Темір препараттарын кальций препараттарымен бірге қабылдамауға кеңес береді. Өйткені кальций ағзаның темірді сіңіруіне тосқауыл болады.Суреттер: airvent.su, informi.ru, calorizator.ru, bioaa.info, dumai-i-zdorovei.ru, koolinar.ru