- Негізгі бет
- Денсаулық
- Газды сусындарды көп...
Газды сусындарды көп ішуден ағзада болатын өзгерістер
Денсаулығыңызды күтіп, дұрыс тамақтануға көшуді қолға алсаңыз, зиянды өнімдерден, соның ішінде газдалған сусындардан бас тарту керек болады. Олар тек дене сымбаттылығына емес, сондай-ақ көптеген органдар қызметіне жағымсыз әсер етеді. Газдалған тәтті сусындарды көп ішу несімен қауіпті?
Газдалған тәтті сусындардың зиянын түсіну үшін олардың негізгі компоненттеріне жеке тоқталайық:
- Кофеин ағзадан пайдалы минералдардың шайылып кетуіне ықпал етеді, ұйқы сапасын нашарлатады, үйреніп кетуге әкеледі;
- Сусындар құрамындағы ортофосфорлық қышқылды ағза кальций қорымен бейтараптандыруға тырысады. Содан кейін кальций сүйек жүйесі құрылымына жетпей қалады;
- Сусынның құрамындағы қант зиянды компонентке жатпайды. Бірақ оның мөлшері бұл жағдайды өзгертеді. Әр 200 мл газды тәтті сусында шамамен 5-8 шай қасық қант бар. Ол артық салмаққа, безеу шығуға, сүйектер ауруына, қант диабетіне әкеледі;
- Кока-коланың бауырға тигізер зияны зор. Сусындағы көмірқышқыл газ ішкі органдарға жағымсыз әсер етеді. Оның өте көп болуы асқорыту жолы қызметін бұзады;
- Сусындағы синтетикалық заттар шөлді қандырмайды, керісінше, одан әрі шөлдетеді. Кола ішкеннен кейін шамалы уақыттан соң шөлдей бастайсыз;
- Фруктоза тұтыну кезінде тою сезімі кеш қалыптасады, сондықтан артық тамақтану қаупі жоғары. Сондай-ақ фруктоза ішектер бұзылуын туындатуы мүмкін;
- Консерванттар, эмульгаторлар, тұрақтандырғыштар және дәм кұшейткіштер аллергия беруі мүмкін.
Газдалған тәтті сусындарды айына бір рет ішу ағзаға зиянын тигізе қоймайды. Ал оларды жиі ішу жағымсыз салдарларға әкеледі:
1.Тіс проблемасы
2. Семіздік
3. Жүрек-қан тамырлар аурулары және қысымның артуы
4. Депрессия
5. Сүйектердің бұзылуы
6. Тері аурулары
7. Онкология
8. Қант диабеті
9. Асқазан жарасы
10. Бүйрек жеткіліксіздігі
А. Жапатова