- Негізгі бет
- Денсаулық
- Газдалған сусын адамның...
Газдалған сусын адамның ақылын азайтады
Газдалған сусынды адамдар көбіне фастфудпен қосып жейді. Алайда мамандардың айтуынша, газдалған сусынды көп ішуге болмайды. Мұның арты денсаулықтың нашарлауына, әсер ми жұмысының нашарлауына әкеледі.
Мәселен, бразилия ғалымдарының айтуынша, газдалған сусын адамның интеллектісіне кері әсер етеді. Себебі сусын құрамындағы қоспалар мидың алдыңғы бөлігіне зиянын тигізіп, содан адамның есте сақтау және ойлау, ой түю қабілеті төмендейді. Сондай-ақ газдалған сусын мидың гиппокамп бөлігіне де кері әсер етеді екен.
Ғалымдар бір топ егеуқұйрыққа тәтті газдалған сусын беру арқылы зерттеу жүргізіп барып осындай ойға келген.
Егеуқұйрықтарды үш топқа бөліп, біріне күнде су, екіншісіне газдалған сусын мен суды араластырып берсе, үшіншісіне тек газдалған сусындарды ғана берген. Соңғы топтағы егеуқұйрықтардың ми функциясы нашарлағанын ғалымдар бірден байқаған. Тіпті, "жас" егеуқұйрықтардың өзі қабілетсіз боп қалған.
Газдалған сусын ішу көзді нашарлатады
Қ. Слямбек