Гавай штатының заң шығарушысы органы 2024 жылға қарай темекі сатылымын мүлдем жою жолдарын қарастырып отыр. Ол жыл сайын темекі өнімдерін сатып алуға рұқсат етілетін жас шамасын ұлғайтуды көздейді. Мысалы, келесі жылы 30 жасқа толмағандарға темекі сатылмаса, одан кейін шектеу 40, 50, 60 және т.б. өсе береді.
Егер жоба жүзеге асса, 2024 жылға қарай 100-ден аспаған адамдар темекі шеге алмайды. "Темекі — бұл адамзат тарихындағы ең қауіпті артефакт", - делінген заңда. Заң қабылданған жағдайда, дүкен сөрелерінен темекі жоғалып кетеді. Бұл жағдайда туристер оны өздерімен бірге алып келуі мүмкін. Сондай-ақ, темекіні сатуға тыйым салу электронды сигареттер мен сигараларға қолданылмайды.
Гавай штаты әкімшілігі заңнамалық деңгейде тыйым салуды жүзеге асыра ала ма, жоқ па, белгісіз. Себебі, штат экономикасы темекі сатылымынан түсетін салыққа тәуелді. Бұл шамамен жылына 100 мың долларды құрайды.